Жаңалықтар

«Жас Отан» мүшесі: Елбасы Жолдауы – болашаққа сенімді қадам

Елбасы Жолдауы – болашаққа сенімді қадам. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Бақыт Злобин BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді. «Әр жылғы Жолдаудың – өз жаңалығы бар. Дегенмен биылғы үндеу ерекше. Президент 2050 жылға дейінгі стратегияны жария етті. Бұл міндеттер экономиканың қуатын еселеуге, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сондықтан Елбасының Жолдауы – болашаққа сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар», - деп ой бөлісті Бақыт Злобин. Ол Жолдаудың ел жастарының алдына айқын мақсат-міндет қойып, өскелең ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. «Бізге артылып отырған зор жауапкершілікті түсінеміз. Біз елімізді 2050 жылға қарай биік белестерге жетелейтін ұрпақпыз. Қазіргі жастар болашақта ел тізгінін қолға алатын буын. Президенттің жастар саясатына ерекше көңіл бөлетіні қуантады. Ол бізге сенім артады. Біз оны ақтауға міндеттіміз. Еліміздегі бірлік, ынтымақ пен тұрақтылықты, ал ең бастысы – Тәуелсіздігімізді сақтауға бар күш-жігерімізді салсақ игі», - деген пікірін білдірді жасотандық. Айымгүл Әбілева
03.01.2013 11:59 3648

Елбасы Жолдауы – болашаққа сенімді қадам. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Бақыт Злобин BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

«Әр жылғы Жолдаудың – өз жаңалығы бар. Дегенмен биылғы үндеу ерекше. Президент 2050 жылға дейінгі стратегияны жария етті. Бұл міндеттер экономиканың қуатын еселеуге, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сондықтан Елбасының Жолдауы – болашаққа сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар», - деп ой бөлісті Бақыт Злобин.

Ол Жолдаудың ел жастарының алдына айқын мақсат-міндет қойып, өскелең ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

«Бізге артылып отырған зор жауапкершілікті түсінеміз. Біз елімізді 2050 жылға қарай биік белестерге жетелейтін ұрпақпыз. Қазіргі жастар болашақта ел тізгінін қолға алатын буын. Президенттің жастар саясатына ерекше көңіл бөлетіні қуантады. Ол бізге сенім артады. Біз оны ақтауға міндеттіміз. Еліміздегі бірлік, ынтымақ пен тұрақтылықты, ал ең бастысы – Тәуелсіздігімізді сақтауға бар күш-жігерімізді салсақ игі», - деген пікірін білдірді жасотандық.

Айымгүл Әбілева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға