Ярослава Шведова Оклендте екінші айналымға шықты
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Окландта (Жаңа Зеландия) өтіп жатқан WTA ASB Classic-2013 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлады www.vesti.kz.
Бірінші айналымның матчында 25 жастағы қазақстандық испандық теннисші Лара Арруабаррена-Веcинодан 6:3 есебімен басым түсті. Айта кетейік, Шведова әлемнің 29-ыншы ракеткасы, ал испандық қыз WTA рейтингінің 79-ыншы орнында.
Турнирдің алтыншы ракеткасы болып табылатын Шведова келесі айналымда Канада спортшысы Юджини Бушарды 7:5, 6:3 есебімен жеңген ресейлік теннисші Елена Веснинамен кездеседі.
Еске салайық, турнирдің бірінші айналымында Қазақстанның екінші өкілі - Галина Воскобоева жарысын аяқтады.
baq.kz
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

