Жаңа жыл түні елордалықтар мерекелік отшашуды тамашалайды
Жаңа жыл түні елорда әкімдігі алдындағы орталық алаңда қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалай алады.
Сонымен қатар, 2013 жылды қарсы алуға арналған мерекелік концерт пен би кеші өтеді. Мерекелік шара 31-ші желтоқсанда сағат 22-да басталып, 1 қаңтар сағат 2-ге дейін жалғасады, - деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық Мәдениет басқармасына сілтеме жасай отырып.
Басқарманың хабарлауынша, мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік филармонияның әншілері, қаланың шығармашылық ұжымдары және қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.
Түн ортасында Астана тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалайды.
www.bnews.kz
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

