Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмі 2013 жылы ақпанның ортасында түсірілмек (ВИДЕО)
«Келін» мен «Шалдың» логикалық жалғасы «Кенже» 2013 жылдың ақпан айында түсірілмек. Бұл туралы фильмнің режиссері Ермек Тұрсынов мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Келесі кино «Кенже» деп аталады. Бұл – трилогиялық туынды. Біріншісі – «Келін», екіншісі – «Шал», үшіншісі – «Кенже». Бұйыртса, осы келесі жылдың ақпан айында түсірілім жұмыстарын бастаймыз. «Келін» – көне заманда «болмаған» оқиғаны баяндайды, таудың өмірі суреттеледі. «Шал» – бүгінгі күніміз, онда даланың өмірі суреттеледі. Ал, «Кенже» – ертеңгі болашағымыз, онда қаланың өмірін сипаттайтын боламыз. Жалпы, айтқанда менің жұмысым халқымыздың, ұлтымыздың эволюциясын көрсетеді. Бұл – менің өзіме жүктеген міндетім. Солай қабылдау керек менің ізденістерімді», – деді Ермек Тұрсынов.
www.bnews.kz