Жаңалықтар

«Ел Арна» «Жаңа жылдық ән-думанға» шақырады

Шоу авторлары барлық сырды ашқан жоқ, тек жаңа жыл түнінде тосын сыйдың көп болатынын айтты. «Жаңа жылдық бағдарламада 40-шы, 50-ші, 60-шы, 70-ші, 80-ші жылдардың өнері көрсетіледі. Және еліміздің танымал жұлдыздары мен жүргізушілері болады», - дейді продюсер Баян Есентаева. Болмасаң да ұқсап бақ демекші, «Жаңа жылдық ән-думан» мерекелік концертін ұйымдастырушылар қазақ өнерінің тарихында есімдері алтын әріппен жазылған әншілердің бейнесін сахнаға алып шыққан. Бірақ бұл пародия емес. Бибігүл Төлегенова, Муслим Магомаев және тағы басқа танымал өнер иелерінің образдарын қазақ эстрадасының жұлдыздары сомдап, әндерін шырқайды. Концерт 31 желтоқсан күні түнгі сағат 22:00-де басталады, ал концерттің екінші бөлімі Президент құттықтауынан кейін жалғасады. www.bnews.kz
31.12.2012 06:21 3971

Шоу авторлары барлық сырды ашқан жоқ, тек жаңа жыл түнінде тосын сыйдың көп болатынын айтты.

«Жаңа жылдық бағдарламада 40-шы, 50-ші, 60-шы, 70-ші, 80-ші жылдардың өнері көрсетіледі. Және еліміздің танымал жұлдыздары мен жүргізушілері болады», - дейді продюсер Баян Есентаева.

Болмасаң да ұқсап бақ демекші, «Жаңа жылдық ән-думан» мерекелік концертін ұйымдастырушылар қазақ өнерінің тарихында есімдері алтын әріппен жазылған әншілердің бейнесін сахнаға алып шыққан. Бірақ бұл пародия емес. Бибігүл Төлегенова, Муслим Магомаев және тағы басқа танымал өнер иелерінің образдарын қазақ эстрадасының жұлдыздары сомдап, әндерін шырқайды.

Концерт 31 желтоқсан күні түнгі сағат 22:00-де басталады, ал концерттің екінші бөлімі Президент құттықтауынан кейін жалғасады.

www.bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға