Жаңалықтар

«Шал» фильмінің бюджеті 800 мың доллар

Бұл туралы «Шал» фильмінің режиссері Ермек Тұрсынов bnews.kz тілшілеріне берген сұхбатында айтыпты.   «Бұл фильмнің жалпы шығыны 800 мың долларды құрапты. Бірақ, бұл шығынның орны небәрі 4 апта ішінде толды. Сол аралықта 62 млн. теңге жиналды. Қазір сатылымға DVD-дискілер шықты. Теледидардан да көрсетіліп жатыр. Келер жылы фильмді халықаралық кинофестивальдердің бәйгесіне қосамыз. Менің ойымша «Шал» фильмі толықтай өзін-өзі ақтайды » дейді Ермек Тұрсынов. Ермек Тұрсыновтың айтуынша, «Қазақфильм» АО-ның президенті Ермек Аманшаев «Шал» фильмін Пензенск кинофестиваліне ұсыну туралы ауызша келісім-шарт жасасқандығын айтты. Алматыда «Шал» фильмінің DVD-дискілерінің тұсауы кесілді. «Меломан Гранд» желілі дүкендерінде бағасы 1300 теңгеден 2 мың данасы саудаға түсті. BAQ.KZ
29.12.2012 11:17 2708

Бұл туралы «Шал» фильмінің режиссері Ермек Тұрсынов bnews.kz тілшілеріне берген сұхбатында айтыпты.  

«Бұл фильмнің жалпы шығыны 800 мың долларды құрапты. Бірақ, бұл шығынның орны небәрі 4 апта ішінде толды. Сол аралықта 62 млн. теңге жиналды. Қазір сатылымға DVD-дискілер шықты. Теледидардан да көрсетіліп жатыр. Келер жылы фильмді халықаралық кинофестивальдердің бәйгесіне қосамыз. Менің ойымша «Шал» фильмі толықтай өзін-өзі ақтайды » дейді Ермек Тұрсынов.

Ермек Тұрсыновтың айтуынша, «Қазақфильм» АО-ның президенті Ермек Аманшаев «Шал» фильмін Пензенск кинофестиваліне ұсыну туралы ауызша келісім-шарт жасасқандығын айтты.
Алматыда «Шал» фильмінің DVD-дискілерінің тұсауы кесілді. «Меломан Гранд» желілі дүкендерінде бағасы 1300 теңгеден 2 мың данасы саудаға түсті.

BAQ.KZ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға