Қазақстандық балалар Аяз Атадан сыйға смартфондар мен ноутбуктер сұрады, деп хабарлады BNews.kz тілшісі Алматыдағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне сілтеме жасай отырып. Жыл сайын Алматыдағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне оңтүстік астананың кішкентай тұрғындарынан Аяз Атаға арналған ондаған хат түседі. «Біз келіп түскен хаттарды лақтыруға құқымыз жоқ. Балалар сыйлықтарды үлкен үмітпен күтеді. Біз бүлдіршіндерді міндетті түрде құттықтаймыз», - деді орталық операция учаскесінің бастығы Зульфира Аюпова.
Оның айтуынша, қазіргі балалардың сұранысы қарапайым ойыншықтармен, қуыршақтармен шектелмейді. Жаңа ақпарат заманының балалары Аяз Атадан смартфондар мен заманауи гаджеттер сұрайды.
«Қазір 21 ғасыр. Балалар ноутбук, компьютер, iPad, iPhone және смартфон сұрайды. Кішкентайлардың қалағандары осы», - деп түсуіндірді З.Аюпова.
Алматыдағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің қызметкерлері Аяз Атаның атынан балаларға ұзақ күттірген сыйлықтарын тапсырды. Ал бұлдіршіндер болса, өлеңдері мен тақпақтарын орындады.
Қазақстандық балалар Аяз Атадан сыйға смартфондар мен ноутбуктер сұрады
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады