Жаңалықтар

«Қазақстан-2050» стратегиясы жастардың қолында – Б.Жұмағұлов

Бүгін «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығын табыс еткен білім және ғылым министрі жуырда ғана халық жүрегіне жол тартқан «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасының Жолдауы жайлы ой қозғады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Қазақстан-2050» стратегиясы сіздердің қолдарыңызда, құрметті жастар қауымы. Елбасы өз Жолдауында да, «Жас Отан» жастар қанатының жиыналысында да осы туралы көп айтты. Елімізде жастар саясатына ерекше көңіл бөлінетіні белгілі. Білім және ғылым саласында да түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Біздің оқушылар республикадан тыс, халықаралық білім бәйгелерінен биылдың өзінде мыңға жуық бірінші және екінші орындарды алып келді. Биыл еліміз үшін олжалы жыл болды деп ойлаймын. Кеше Лондон Олимпиадасында 200-ден астам елдің ішінен Қазақстан 12-ші орын алды. Астана 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізсе, Алматыда сол жылы Универсиада болады. Елбасы айтқандай, әлем мойындаған ел болдық. Енді дамыған 30 елдің қатарына қосылыуымыз керек», - деді Б.Жұмағұлов. Айта кетейік, бүгін Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
28.12.2012 09:48 3869

Бүгін «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығын табыс еткен білім және ғылым министрі жуырда ғана халық жүрегіне жол тартқан «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасының Жолдауы жайлы ой қозғады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Қазақстан-2050» стратегиясы сіздердің қолдарыңызда, құрметті жастар қауымы. Елбасы өз Жолдауында да, «Жас Отан» жастар қанатының жиыналысында да осы туралы көп айтты. Елімізде жастар саясатына ерекше көңіл бөлінетіні белгілі. Білім және ғылым саласында да түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Біздің оқушылар республикадан тыс, халықаралық білім бәйгелерінен биылдың өзінде мыңға жуық бірінші және екінші орындарды алып келді. Биыл еліміз үшін олжалы жыл болды деп ойлаймын. Кеше Лондон Олимпиадасында 200-ден астам елдің ішінен Қазақстан 12-ші орын алды. Астана 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізсе, Алматыда сол жылы Универсиада болады. Елбасы айтқандай, әлем мойындаған ел болдық. Енді дамыған 30 елдің қатарына қосылыуымыз керек», - деді Б.Жұмағұлов.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға