Жаңалықтар

Сәкеннiң соңғы өлеңi

Биылғы қараша айының 20-да Алматыда "Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннiң өмiрбаян деректерiн нақтылау, жерленген орындарын анықтау, сүйектерiн елге жеткiзу – ұрпақ парызы" деген тақырыпта ғылыми конференция өттi. Конференцияға қатысуға мен де арнайы шақырылған едiм. Амал не, денсаулығыма байланысты Алматыға бара алмадым. Үйде отырсам да "Жас Алашта" молынан жарияланған конференция материалдарын түгел оқып, зерделеп шықтым. Ендi өзiмнiң кейбiр ойларымды ортаға салуды ұйғардым. Менiң анам Бибiайша Аймағамбетова – Сәкен Сейфуллиннiң жақын апайы. Ұмытпасам, 1959 жылдың күзi. Бiздiң үйге Жаңаарқадан менiң үлкен нағашыларымның бiрi Әбдiғаппардың жұбайы, нағашы жеңгем Әдiкен қонаққа келдi. Ол өте келбеттi, Арқаның жұрт таңғалатын нағыз мөлдiр көздерiнiң бiрi едi. Тап бiр тойға баратындай үнемi таза киiнiп, таза жүретiн. Отырыс-тұрысынан көргендiлiктiң, тектiлiктiң лебi есiп тұратын. Сонымен бiрге нағашы жеңгемiз балажан да екен. Менiң кiшкене ұлдарым Ғалым мен Ақанды өз баласындай еркелеттi. Апам екеуiнiң әңгiмесi әсте толастамайтын. Бiр жолы апам өзiнiң балалық және жастық шағы өткен Жақсы Иманақ тауы туралы айта бастады. Ол тауды 1953 жылы нағашыларыма барғанда мен де көргенмiн. Онша биiк емес, көлбеген жатаған тау екен. Нағашы жеңгем кенет есiне бiрдеңе түскендей басын шалқайта көтерiп алып: – Қыз-ау, – деп анама жалт қарады, – Сiзге Сәкенмен түрмеде бiрге болған, не қилы азапты басынан кешiп, Сiбiрдiң бiр меңiреу қиырында он бес жыл айдауда жүрiп, елге оралған адам туралы айтамын деп мүлде ұмытып кетiппiн ғой. Сол кiсi жақында Атасуға келiптi. Сәкеннiң туған елмен қоштасқан өлеңiн айтып берiптi. Мұны естiгенде Жаңарқада жыламаған адам қалмапты. Әлгi өлең қалай едi... Иә, былай: – Сәлем де Көкшетаудың биiгiне, Бауырында ойнақ салған киiгiне. "Халық жауы" дейтұғын айып тақты, Қайтып кеп оралам ба үйiрiме?! Халқыма оқ атқам жоқ, атпаймын да! Халқымды сатқаным жоқ, сатпаймын да! "Халық жауы" дейтұғын айып тақты, Бiлемiн, бұл сапардан қайтпаймын да... Жауым деп халқым менi ойламасын, Сәкенiн кейiнгi ұрпақ есiне алсын... Өлеңдi айтқанда Әдiкен жеңешем шыдай алмай, егiле жылап жiбердi. Оған апам қосылды. Менiң де оңып тұрғаным шамалы. Дереу қағаз бен қаламға жармастым. Сәкен нағашымның ет жүрегi елжiреп ел-жұртқа қапастан жолдаған қоштасу өлеңi осылайша хатқа түстi. Сәкеннiң соңғы шығармасы ретiнде мен бұл өлеңдi қысқаша түсiнiк жазып, Жамбыл облыстық "Еңбек туы" газетiнде жарияладым. Бiрақ, Сәкен туралы сол кезде баспасөзде жазылып жатқан хабарлар нөпiрiнiң арасында ол онша көзге түспеген сияқты. Өткен ғасырдың жетпiсiншi жылдары Сәкеннiң елiмен қоштасқан өлеңiн негiзге ала отырып Жамбыл облыстық радиосына әуендi хабар дайындаған едiм. Ол Қазақ радиосынан да берiлдi. Не керек, Сәкен Сейфуллиннiң өмiр тарихында әлi де ақтаңдақтар көп. Көп болып, соны зерттеудi қолға алайық. Сағат Арынұлы ардагер журналист, Тараз қаласы. Жас Алаш Baq.kz
28.12.2012 09:42 2648

Биылғы қараша айының 20-да Алматыда "Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннiң өмiрбаян деректерiн нақтылау, жерленген орындарын анықтау, сүйектерiн елге жеткiзу – ұрпақ парызы" деген тақырыпта ғылыми конференция өттi. Конференцияға қатысуға мен де арнайы шақырылған едiм. Амал не, денсаулығыма байланысты Алматыға бара алмадым. Үйде отырсам да "Жас Алашта" молынан жарияланған конференция материалдарын түгел оқып, зерделеп шықтым. Ендi өзiмнiң кейбiр ойларымды ортаға салуды ұйғардым.

Менiң анам Бибiайша Аймағамбетова – Сәкен Сейфуллиннiң жақын апайы. Ұмытпасам, 1959 жылдың күзi. Бiздiң үйге Жаңаарқадан менiң үлкен нағашыларымның бiрi Әбдiғаппардың жұбайы, нағашы жеңгем Әдiкен қонаққа келдi. Ол өте келбеттi, Арқаның жұрт таңғалатын нағыз мөлдiр көздерiнiң бiрi едi. Тап бiр тойға баратындай үнемi таза киiнiп, таза жүретiн. Отырыс-тұрысынан көргендiлiктiң, тектiлiктiң лебi есiп тұратын. Сонымен бiрге нағашы жеңгемiз балажан да екен. Менiң кiшкене ұлдарым Ғалым мен Ақанды өз баласындай еркелеттi.
Апам екеуiнiң әңгiмесi әсте толастамайтын. Бiр жолы апам өзiнiң балалық және жастық шағы өткен Жақсы Иманақ тауы туралы айта бастады. Ол тауды 1953 жылы нағашыларыма барғанда мен де көргенмiн. Онша биiк емес, көлбеген жатаған тау екен. Нағашы жеңгем кенет есiне бiрдеңе түскендей басын шалқайта көтерiп алып:
– Қыз-ау, – деп анама жалт қарады, – Сiзге Сәкенмен түрмеде бiрге болған, не қилы азапты басынан кешiп, Сiбiрдiң бiр меңiреу қиырында он бес жыл айдауда жүрiп, елге оралған адам туралы айтамын деп мүлде ұмытып кетiппiн ғой. Сол кiсi жақында Атасуға келiптi. Сәкеннiң туған елмен қоштасқан өлеңiн айтып берiптi. Мұны естiгенде Жаңарқада жыламаған адам қалмапты. Әлгi өлең қалай едi... Иә, былай:
– Сәлем де Көкшетаудың биiгiне,
Бауырында ойнақ салған киiгiне.
"Халық жауы" дейтұғын айып тақты,
Қайтып кеп оралам ба үйiрiме?!
Халқыма оқ атқам жоқ, атпаймын да!
Халқымды сатқаным жоқ, сатпаймын да!
"Халық жауы" дейтұғын айып тақты,
Бiлемiн, бұл сапардан қайтпаймын да...
Жауым деп халқым менi ойламасын,
Сәкенiн кейiнгi ұрпақ есiне алсын...
Өлеңдi айтқанда Әдiкен жеңешем шыдай алмай, егiле жылап жiбердi. Оған апам қосылды. Менiң де оңып тұрғаным шамалы. Дереу қағаз бен қаламға жармастым. Сәкен нағашымның ет жүрегi елжiреп ел-жұртқа қапастан жолдаған қоштасу өлеңi осылайша хатқа түстi.
Сәкеннiң соңғы шығармасы ретiнде мен бұл өлеңдi қысқаша түсiнiк жазып, Жамбыл облыстық "Еңбек туы" газетiнде жарияладым. Бiрақ, Сәкен туралы сол кезде баспасөзде жазылып жатқан хабарлар нөпiрiнiң арасында ол онша көзге түспеген сияқты. Өткен ғасырдың жетпiсiншi жылдары Сәкеннiң елiмен қоштасқан өлеңiн негiзге ала отырып Жамбыл облыстық радиосына әуендi хабар дайындаған едiм. Ол Қазақ радиосынан да берiлдi.
Не керек, Сәкен Сейфуллиннiң өмiр тарихында әлi де ақтаңдақтар көп. Көп болып, соны зерттеудi қолға алайық.

Сағат Арынұлы
ардагер журналист,
Тараз қаласы.
Жас Алаш

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға