Жаңалықтар

Басты назарда – жастар мәселесі

Бүгін Астана қаласы әкімдігінде Жастар істер саясаты басқармасының бастығы Талғат Рахманберді қаладағы ЖОО мен кәсіптік білім ордаларының тәрбие  ісі  жөніндегі өкілдерімен кездесті. Кездесу күні кеше ғана Шымкент қаласы маңында әскери-көлік ұшағының апаты салдарынан шейіт болғандарды бір минут еске алумен басталды. Ал, басқосудың басты мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына арнаған  «Қазақстан-2050» стратегиясы» Қалыптасқан мемлекетің жаңа саяси бағыты» Жолдауын  талқылап, ондағы жастарға қатысты түйткілді мәселелердің  түйінін шешу мен  жұмыла жұмыс істеудің оңтайлы жақтарын қарастыру еді. Сондай-ақ, аталған  жиында  2013-2014  оқу жылына  арналған жұмыс жоспары талқыланып, жиналғандар өз ұсыныстарын айтты,  өзара пікір алмасты. Сонымен, алдағы уақытта әр білім мекемесінде жастар ісі жөніндегі комитет құрылып, өзекті мәселелер Жастар саясаты басқармасымен бірге шешілетін болды. Айта кету керек, атқарылатын жұмыстарға  арнайы  10 млн.теңге көлемінде қаражат та бөлінген.    Астана қаласының ресми сайты astana.kz
27.12.2012 11:03 2886

Бүгін Астана қаласы әкімдігінде Жастар істер саясаты басқармасының бастығы Талғат Рахманберді қаладағы ЖОО мен кәсіптік білім ордаларының тәрбие  ісі  жөніндегі өкілдерімен кездесті. Кездесу күні кеше ғана Шымкент қаласы маңында әскери-көлік ұшағының апаты салдарынан шейіт болғандарды бір минут еске алумен басталды.

Ал, басқосудың басты мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына арнаған  «Қазақстан-2050» стратегиясы» Қалыптасқан мемлекетің жаңа саяси бағыты» Жолдауын  талқылап, ондағы жастарға қатысты түйткілді мәселелердің  түйінін шешу мен  жұмыла жұмыс істеудің оңтайлы жақтарын қарастыру еді. Сондай-ақ, аталған  жиында  2013-2014  оқу жылына  арналған жұмыс жоспары талқыланып, жиналғандар өз ұсыныстарын айтты,  өзара пікір алмасты. Сонымен, алдағы уақытта әр білім мекемесінде жастар ісі жөніндегі комитет құрылып, өзекті мәселелер Жастар саясаты басқармасымен бірге шешілетін болды. Айта кету керек, атқарылатын жұмыстарға  арнайы  10 млн.теңге көлемінде қаражат та бөлінген.   

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға