Жаңалықтар

Жылан жылы туған тұлғалар

2013-жылы Шығыс күнтізбесі бойынша жылан жылы кіреді. Ежелгі Інжіл бойынша Адам атаға алманы жегізген арбаушы да, қытай халқы әсіре әспеттейтін айдаһар да - осы жылан. Ал әр жылдан тек жақсылық күтетін қазақ үшін жылан жылы жылылықтың белгісі болған. Бұл жылы туғандардың арасынан ұлы ойшылдар мен ел бастаған серкелерді көптен кездестіруге болады. Өйткені астрологтардың пайымдауынша, жылан жылы дүние есігін ашқандар жүз рет өлшеп, бір рет кесетіндер. Сондықтан олар терең пайым мен сараптауға бейім болады екен. Ендеше, осы жылы өмірге келген тұлғалар кімдер?  Қазақтың ұлы ойшылы, ақын, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев жылан жылы өмірге кел­ген. XIX ғасырдың 45 жылының жазында Тобықты руының биі Құнанбай ақсақалдың отбасында дүние есігін ашқан бала Иб­рахим өзінің парасат-пайымы, терең ой­шыл­дығы арқасында қазақтың Абайы атанған. Жастайынан ерекше қабілетімен көзге түскен Абайдан әкесі ерекше үміт кү­тіп, медреседе оқытып, артынан ел билігіне араластырғаны белгілі. Игі жақсылармен араласа жүріп, шешен сөйлеуге үйреніп, ха­лықтың рухани мұрасымен терең таны­сады. Бүгінде Абай Құнанбаевтың өмір­бая­нын білмейтін қазақ баласы жоқ шығар. Артынан өлмес мұра қалдырған тұлғаның өлеңдері, қара сөздері, аудармалары әлі талай ұрпаққа жаназық болмақ. Сондай-ақ туған жылы жыланға тура келетін тағы бір ақын - қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев. Ол 1893 жылы дү­ниеге келген. ХХ ғасырдың басында қа­зақ поэзиясының көгінде жарқырай жан­ған лирик ақын - зобалаң заман кезінде «Халық жауы» деп сотталып, ату жазасына кесілгендердің бірі. Солтүстік Қазақстан об­лысында өмірге келген, жастайынан зе­рек болып, ауыл мұғалімінен сауат ашқан. Қызылжар қаласындағы медреседен білім алып шыққан соң, Уфа қаласына оқу іздеп аттанған. Сол кезеңдегі аты әйгілі Медресе-Ғалияда оқып жүрген кезінде ең алғашқы «Шолпан» атты жинағын шығарғаны көзі-қарақты оқырманға белгілі. Тумасынан ли­рик ақын шығармашылығы Ахмет Байтұр­сынов, Міржақып Дулатов сынды қазақ қайраткерлерімен тығыз араласқан кезінде кемелдене түседі. «Мен жастарға сенемін!» деп жырлаған Мағжанның шығармалары қазақ поэзиясының алтын қорынан ойып орын алады. Оның өзіндік қолтаңбасын жырсүйер оқырман бірден таныры анық. Қазақтың ән-күйін жинастырып, но­таға түсіріп, «Қазақ халқының 100 әні», «Қа­зақтың 500 ән-күйі» атты жинақтар қалдырған композитор-этнограф, музыка зерттеушісі Александр Викторұлы Затаевич 1869 жылы дүниеге келген. Бұл жыл да - шығыс күнтізбесі бойынша жыланға сәй­кес келеді. Бала жасынан керемет есту қабілетіне ие Затаевичтің қазақ халқының музыкасымен таныстығы 1920 жылдардан басталған екен. Музыкаға аса талғаммен қарайтын талантты жан қазақ музыкасын алыста жүріп зерттеуді жөн көрмей, ел арасына шығып, Жайық­тың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы да­лаларын аралайды. «Қазақ энцикло­педиясында» ол туралы былай деп жазылған: «Халықтық кәсіби әнші-күй­шілерінің шығармашылық қыз­метін, олар­дың орындаушылық шеберлік­терінің сы­рын ашып, өте құнды мағлұ­мат­тар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәу­лет­керей, Тәттімбет, т.б. шығар­маларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақ­таушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың «Қазақ халқының 1000 әні» (1-бас., 1925 ж., 2-бас., 1963 ж.), «Қазақтың 500 ән-күйі» (1931), «Песни разных наро­дов» (1971), жарияланбаған «Қазақ музыка­сының 3-томы» деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классикалық ән, күйлері­нің үлгілері мол орын алған. Затаевичтің еңбектері ар­қылы қазақ музыкасы дүние­жүзіне тарады, бүкіл Еуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды. Мұнда қазақ музыкасының көп­теген теориялық және тарихи мәселелерінің беті ашылды. Затаевичтің әрбір ән-күйге берген жеке талдауларының мәні зор. Халық ком­позиторлары мен орындаушы­ларының шығармаларына берген мінезде­ме­­лері де әлі өз бағасын жоғалтқан жоқ. За­таевич жи­нақ­тары қазақ халқының кә­сі­би музыка­сы­ның дамуына зор ықпал етті». Ғылым мен білім, әдебиет саласында зор жетістіктерге жеткендерге жыл сайын табысталатын Нобель атындағы сайлық бар. Бұл сыйлық атақты швед ғалымы Альфред Нобельдің құметіне аталады. Шведтің өнертапқыш ұлының өмірге кел­ген уақыты - 1833, жылан жылы. Динамитті және басқа түрлі жарылғыш заттарды ойлап тапқан атақты инженер-химиктің сүйікті ісі - зертханада зерттеу жүргізу болатын. Өзінің 63 жылдық ғұмы­рында талай ғылыми жаңалық ашып, үлкен корпорация құрған адам. Өзінен қалған байлығын медицина, әдебиет, физика, химия және бейбітшілік жолында ашылған ірі жаңалықтарды марапаттайтын Нобель сыйлығын табыстайтын қоғамдық қорға өсиет етіп кеткен. Оның зерттеуге, өнерта­буға деген бейімділігі әкесі Иммануилден берілген. Әкесі кезінде өзі шығарған минасын Ресей патшалығына сатып, одан үлкен табыс көрген кісі. 1849 жылы әкесі оның Еуропа мен Америкаға екі жылдық саяхатқа жібереді. Өйткені Альфред әдебиетке жақын болып, өзі өлең жазған, ал әкесі баласын тек инженер ретінде көріпті. Тіпті аты әйгілі ғалым атанған кезде де өз шығармаларын жарияламаған. Тек өмірінің соңғы кезеңін­де «Немесис» атты пьесасы жарық көріпті. Осы уақыт ішінде ол талай таңдаулы ға­лым­дармен кездесіп, ғылыми жаңалықтарға қанығады. Уақытының көп бөлігін Париж қаласында өткізген Альфред француздың белгілі химигі Жюль Пелуздің зертхана­сында тәжірибеден өтеді. Өзінің Еуропаға саяхаты барысында өте үлкен жарылғыш қасиеті бар зат - нитроглицеринді ашқан итальяндық Соб­реромен кездеседі. Әлі толық зерттелмеген заттың қандай керемет қасиеттері барлы­ғын Альфред бірден ұғып, оны түбегейлі зерттеуге кіріседі. Соның нәтижесінде динамиттер мен түрлі жарылғыш зарттарды ойлап тапқан ғалым, өз жаңалықтарын патенттеуден жалықпайды. Бар ғұмырында ол 350 патент иеленген екен. Оның бар­лығы тек жарылғыш заттарға байланысты емес. Соның ішінде, барометр, су өлшегіш құрал, мұздатқыш аппарат, газ «горелкасы» және тағы басқалары бар. Жылан жылы дүние есігін ашқан әлемдік тұлғалардың бірі - Индира Ганди. Ол 1917 жылы Үндістанның солтүстігіндегі Аллахабаде штатында дүниеге келген. Индира дүниеге келген кезде әкесі Джа­ва­харлал Неру саясаттағы алғашқы қадам­дарын жасап жүрген. Олардың отбасында барлығы дерлік саясатпен айналысқан. Атасы Мотилал Неру Үнді ұлттық кон­гресінің ардагері ретінде та­ны­мал болса, анасы пен әжесі сол кездегі билік тара­пы­нан қудалауға аз ұшырамаған. Жастайынан осындай ортада өскен Индира қыз түрлі шерулердің бел ортасында жүр­ді. 1937 жылы Оксфордтың Сомервельский колледжіне түсіп, тарих пен басқару сала­сын оқи бастайды. Алайда Екінші дүние­жүзілік соғыс басталып кетіп, Ганди өз елі­мен бірге болған дұрыс деп шешеді. Еліне Оңтүстік Африка арқылы қайтқан кезде, ең алғаш рет халық алдына шығады. 1942 жылы Фероз Ганди есімді саясат­кер, жур­налист жігітпен отбасын құрады. 1947 жылы Үндістан өзінің тәуелсіздігін жариялаған кезде, премьердің орнына отыр­ған әкесінің жеке хатшысы болады. Ол бірнеше жыл Үнді ұлттық конгресінің әйелдер ұйымын басқарды. 1966 жылы Ганди Үндістан мемлекетінің премьер-министрі атанды. Содан 1977 жылға дейін, кейін 1980-84 жылдар арасында премьер-министр болған Индира Гандидің басқару жылдарында Үндістанның өнеркәсібі үл­кен қарқынмен дамыды. Алғашқы атом-электр стансасы салынып, елдің ауыл шаруашылығы аяғынан тік тұрды. Соның арқасында мемлекет шетелдік азық-түлік тауарларына деген тәуелділіктен құтылды. Индира Ганди тарихқа тек Үндістанды ұзақ жылдар басқарған әйел ғана емес, халық­аралық аренада өз елінің беделін көтеруге барын салған жан ретінде қалып отыр. Жоғарыда аты алған ойшыл, ақын, ғалым, саясаткерлерден басқа да жылан жылы дүниеге келген белгілі азаматтар жетерлік. АҚШ-тың 16-шы Президенті Авраам Линкольн, 35-ші Президенті Джон Кеннеди, Қытайдағы жаңа дәуір төң­ке­рісінің көсемі Мао Цзедун, Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы Мұста­фа Кемал Ататүрік сынды саясаткерлермен қатар, Николай Коперник, Пабло Пикассо, Франс Шуберт, Иоганн Вольфганг Гете, Дени Дидро, Дмитрий Достоевский, Ни­колай Гоголь, Мұхаммед Әли, Одри Хеп­берн, т.б. секілді түрлі саланың саңлақтары омірге келген. Ендеше, 2013 жылы өмірге келетін қарадомалақтардың арасында қа­зақтың атын шығарар ұландары көп бол­сын деп тілейік... Дайындаған Үмітжан ЖАПАР BAQ.kz  
27.12.2012 09:00 5747

2013-жылы Шығыс күнтізбесі бойынша жылан жылы кіреді. Ежелгі Інжіл бойынша Адам атаға алманы жегізген арбаушы да, қытай халқы әсіре әспеттейтін айдаһар да - осы жылан. Ал әр жылдан тек жақсылық күтетін қазақ үшін жылан жылы жылылықтың белгісі болған. Бұл жылы туғандардың арасынан ұлы ойшылдар мен ел бастаған серкелерді көптен кездестіруге болады. Өйткені астрологтардың пайымдауынша, жылан жылы дүние есігін ашқандар жүз рет өлшеп, бір рет кесетіндер. Сондықтан олар терең пайым мен сараптауға бейім болады екен. Ендеше, осы жылы өмірге келген тұлғалар кімдер? 

Қазақтың ұлы ойшылы, ақын, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев жылан жылы өмірге кел­ген. XIX ғасырдың 45 жылының жазында Тобықты руының биі Құнанбай ақсақалдың отбасында дүние есігін ашқан бала Иб­рахим өзінің парасат-пайымы, терең ой­шыл­дығы арқасында қазақтың Абайы атанған. Жастайынан ерекше қабілетімен көзге түскен Абайдан әкесі ерекше үміт кү­тіп, медреседе оқытып, артынан ел билігіне араластырғаны белгілі. Игі жақсылармен араласа жүріп, шешен сөйлеуге үйреніп, ха­лықтың рухани мұрасымен терең таны­сады. Бүгінде Абай Құнанбаевтың өмір­бая­нын білмейтін қазақ баласы жоқ шығар. Артынан өлмес мұра қалдырған тұлғаның өлеңдері, қара сөздері, аудармалары әлі талай ұрпаққа жаназық болмақ.
Сондай-ақ туған жылы жыланға тура келетін тағы бір ақын - қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев. Ол 1893 жылы дү­ниеге келген. ХХ ғасырдың басында қа­зақ поэзиясының көгінде жарқырай жан­ған лирик ақын - зобалаң заман кезінде «Халық жауы» деп сотталып, ату жазасына кесілгендердің бірі. Солтүстік Қазақстан об­лысында өмірге келген, жастайынан зе­рек болып, ауыл мұғалімінен сауат ашқан. Қызылжар қаласындағы медреседен білім алып шыққан соң, Уфа қаласына оқу іздеп аттанған. Сол кезеңдегі аты әйгілі Медресе-Ғалияда оқып жүрген кезінде ең алғашқы «Шолпан» атты жинағын шығарғаны көзі-қарақты оқырманға белгілі. Тумасынан ли­рик ақын шығармашылығы Ахмет Байтұр­сынов, Міржақып Дулатов сынды қазақ қайраткерлерімен тығыз араласқан кезінде кемелдене түседі. «Мен жастарға сенемін!» деп жырлаған Мағжанның шығармалары қазақ поэзиясының алтын қорынан ойып орын алады. Оның өзіндік қолтаңбасын жырсүйер оқырман бірден таныры анық.
Қазақтың ән-күйін жинастырып, но­таға түсіріп, «Қазақ халқының 100 әні», «Қа­зақтың 500 ән-күйі» атты жинақтар қалдырған композитор-этнограф, музыка зерттеушісі Александр Викторұлы Затаевич 1869 жылы дүниеге келген. Бұл жыл да - шығыс күнтізбесі бойынша жыланға сәй­кес келеді. Бала жасынан керемет есту қабілетіне ие Затаевичтің қазақ халқының музыкасымен таныстығы 1920 жылдардан басталған екен. Музыкаға аса талғаммен қарайтын талантты жан қазақ музыкасын алыста жүріп зерттеуді жөн көрмей, ел арасына шығып, Жайық­тың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы да­лаларын аралайды. «Қазақ энцикло­педиясында» ол туралы былай деп жазылған: «Халықтық кәсіби әнші-күй­шілерінің шығармашылық қыз­метін, олар­дың орындаушылық шеберлік­терінің сы­рын ашып, өте құнды мағлұ­мат­тар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәу­лет­керей, Тәттімбет, т.б. шығар­маларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақ­таушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың «Қазақ халқының 1000 әні» (1-бас., 1925 ж., 2-бас., 1963 ж.), «Қазақтың 500 ән-күйі» (1931), «Песни разных наро­дов» (1971), жарияланбаған «Қазақ музыка­сының 3-томы» деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классикалық ән, күйлері­нің үлгілері мол орын алған. Затаевичтің еңбектері ар­қылы қазақ музыкасы дүние­жүзіне тарады, бүкіл Еуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды. Мұнда қазақ музыкасының көп­теген теориялық және тарихи мәселелерінің беті ашылды. Затаевичтің әрбір ән-күйге берген жеке талдауларының мәні зор. Халық ком­позиторлары мен орындаушы­ларының шығармаларына берген мінезде­ме­­лері де әлі өз бағасын жоғалтқан жоқ. За­таевич жи­нақ­тары қазақ халқының кә­сі­би музыка­сы­ның дамуына зор ықпал етті».
Ғылым мен білім, әдебиет саласында зор жетістіктерге жеткендерге жыл сайын табысталатын Нобель атындағы сайлық бар. Бұл сыйлық атақты швед ғалымы Альфред Нобельдің құметіне аталады. Шведтің өнертапқыш ұлының өмірге кел­ген уақыты - 1833, жылан жылы. Динамитті және басқа түрлі жарылғыш заттарды ойлап тапқан атақты инженер-химиктің сүйікті ісі - зертханада зерттеу жүргізу болатын. Өзінің 63 жылдық ғұмы­рында талай ғылыми жаңалық ашып, үлкен корпорация құрған адам. Өзінен қалған байлығын медицина, әдебиет, физика, химия және бейбітшілік жолында ашылған ірі жаңалықтарды марапаттайтын Нобель сыйлығын табыстайтын қоғамдық қорға өсиет етіп кеткен. Оның зерттеуге, өнерта­буға деген бейімділігі әкесі Иммануилден берілген. Әкесі кезінде өзі шығарған минасын Ресей патшалығына сатып, одан үлкен табыс көрген кісі.
1849 жылы әкесі оның Еуропа мен Америкаға екі жылдық саяхатқа жібереді. Өйткені Альфред әдебиетке жақын болып, өзі өлең жазған, ал әкесі баласын тек инженер ретінде көріпті. Тіпті аты әйгілі ғалым атанған кезде де өз шығармаларын жарияламаған. Тек өмірінің соңғы кезеңін­де «Немесис» атты пьесасы жарық көріпті. Осы уақыт ішінде ол талай таңдаулы ға­лым­дармен кездесіп, ғылыми жаңалықтарға қанығады. Уақытының көп бөлігін Париж қаласында өткізген Альфред француздың белгілі химигі Жюль Пелуздің зертхана­сында тәжірибеден өтеді.
Өзінің Еуропаға саяхаты барысында өте үлкен жарылғыш қасиеті бар зат - нитроглицеринді ашқан итальяндық Соб­реромен кездеседі. Әлі толық зерттелмеген заттың қандай керемет қасиеттері барлы­ғын Альфред бірден ұғып, оны түбегейлі зерттеуге кіріседі. Соның нәтижесінде динамиттер мен түрлі жарылғыш зарттарды ойлап тапқан ғалым, өз жаңалықтарын патенттеуден жалықпайды. Бар ғұмырында ол 350 патент иеленген екен. Оның бар­лығы тек жарылғыш заттарға байланысты емес. Соның ішінде, барометр, су өлшегіш құрал, мұздатқыш аппарат, газ «горелкасы» және тағы басқалары бар.
Жылан жылы дүние есігін ашқан әлемдік тұлғалардың бірі - Индира Ганди. Ол 1917 жылы Үндістанның солтүстігіндегі Аллахабаде штатында дүниеге келген. Индира дүниеге келген кезде әкесі Джа­ва­харлал Неру саясаттағы алғашқы қадам­дарын жасап жүрген. Олардың отбасында барлығы дерлік саясатпен айналысқан. Атасы Мотилал Неру Үнді ұлттық кон­гресінің ардагері ретінде та­ны­мал болса, анасы пен әжесі сол кездегі билік тара­пы­нан қудалауға аз ұшырамаған. Жастайынан осындай ортада өскен Индира қыз түрлі шерулердің бел ортасында жүр­ді.
1937 жылы Оксфордтың Сомервельский колледжіне түсіп, тарих пен басқару сала­сын оқи бастайды. Алайда Екінші дүние­жүзілік соғыс басталып кетіп, Ганди өз елі­мен бірге болған дұрыс деп шешеді. Еліне Оңтүстік Африка арқылы қайтқан кезде, ең алғаш рет халық алдына шығады. 1942 жылы Фероз Ганди есімді саясат­кер, жур­налист жігітпен отбасын құрады.
1947 жылы Үндістан өзінің тәуелсіздігін жариялаған кезде, премьердің орнына отыр­ған әкесінің жеке хатшысы болады. Ол бірнеше жыл Үнді ұлттық конгресінің әйелдер ұйымын басқарды. 1966 жылы Ганди Үндістан мемлекетінің премьер-министрі атанды. Содан 1977 жылға дейін, кейін 1980-84 жылдар арасында премьер-министр болған Индира Гандидің басқару жылдарында Үндістанның өнеркәсібі үл­кен қарқынмен дамыды. Алғашқы атом-электр стансасы салынып, елдің ауыл шаруашылығы аяғынан тік тұрды. Соның арқасында мемлекет шетелдік азық-түлік тауарларына деген тәуелділіктен құтылды. Индира Ганди тарихқа тек Үндістанды ұзақ жылдар басқарған әйел ғана емес, халық­аралық аренада өз елінің беделін көтеруге барын салған жан ретінде қалып отыр.
Жоғарыда аты алған ойшыл, ақын, ғалым, саясаткерлерден басқа да жылан жылы дүниеге келген белгілі азаматтар жетерлік. АҚШ-тың 16-шы Президенті Авраам Линкольн, 35-ші Президенті Джон Кеннеди, Қытайдағы жаңа дәуір төң­ке­рісінің көсемі Мао Цзедун, Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы Мұста­фа Кемал Ататүрік сынды саясаткерлермен қатар, Николай Коперник, Пабло Пикассо, Франс Шуберт, Иоганн Вольфганг Гете, Дени Дидро, Дмитрий Достоевский, Ни­колай Гоголь, Мұхаммед Әли, Одри Хеп­берн, т.б. секілді түрлі саланың саңлақтары омірге келген. Ендеше, 2013 жылы өмірге келетін қарадомалақтардың арасында қа­зақтың атын шығарар ұландары көп бол­сын деп тілейік...

Дайындаған
Үмітжан ЖАПАР

BAQ.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға