Жаңалықтар

Астанада «Олжалы отызыншы Олимпиада» кітабының тұсауы кесілді

Бүгін Астанада «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы Лондон Олимпиадасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының жарқын жеңісіне арналған жаңа «Олжалы отызыншы Олимпиада» кітабының таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бұл айтулы оқиға, спортшыларымыздың жарқын жеңісі. Осыдан 10 жыл бұрын әлемде 12 орын алу туралы армандамайтын да едік. Бұл жеңіс қазақ елінің даңқын асырып, абыройын асқақтата түсті. Осы күндерде «Егемен Қазақстан» газетінің шығармашылық ұжымы Олимпиада ойындарының барысын жан-жақты көрсетіп отырды. Бұл кітап дүбірлі доданың өту барысы мен Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің елге оралған тұстарында басылым беттерінде жарық көрген материалдардан құралды. Біз бұл материалдардың қалың көпшілікке қолжетімді болып, келешек жеңістер үшін, спортшылар жақсы үлгі болуын қаладық», - деді «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Әбдірахманов. «Олжалы отызыншы Олимпиада» кітабының құрастырушысы - Серік Пірназар. «200 данасын біз өзімізге қалдырып, авторларға, барлық облыстардағы кітапханаларға таратамыз. 800 данаға жуығын ҚР Спорт және дене шынықтыру Агенттігіне береміз. Кітап барлық облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларына, аудандық бөлімдерге, барлық спорт мектептеріне және интернаттарға таратылса дейміз. Мұның барлығы тегін, біз кітапты сатпаймыз» ,- деді С.Әбдірахманов.
26.12.2012 12:33 3091

Бүгін Астанада «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы Лондон Олимпиадасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының жарқын жеңісіне арналған жаңа «Олжалы отызыншы Олимпиада» кітабының таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бұл айтулы оқиға, спортшыларымыздың жарқын жеңісі. Осыдан 10 жыл бұрын әлемде 12 орын алу туралы армандамайтын да едік. Бұл жеңіс қазақ елінің даңқын асырып, абыройын асқақтата түсті. Осы күндерде «Егемен Қазақстан» газетінің шығармашылық ұжымы Олимпиада ойындарының барысын жан-жақты көрсетіп отырды. Бұл кітап дүбірлі доданың өту барысы мен Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің елге оралған тұстарында басылым беттерінде жарық көрген материалдардан құралды. Біз бұл материалдардың қалың көпшілікке қолжетімді болып, келешек жеңістер үшін, спортшылар жақсы үлгі болуын қаладық», - деді «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Әбдірахманов.

«Олжалы отызыншы Олимпиада» кітабының құрастырушысы - Серік Пірназар.

«200 данасын біз өзімізге қалдырып, авторларға, барлық облыстардағы кітапханаларға таратамыз. 800 данаға жуығын ҚР Спорт және дене шынықтыру Агенттігіне береміз. Кітап барлық облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларына, аудандық бөлімдерге, барлық спорт мектептеріне және интернаттарға таратылса дейміз. Мұның барлығы тегін, біз кітапты сатпаймыз» ,- деді С.Әбдірахманов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға