Жаңалықтар

Жаңа жыл мерекесімен құттықтауға шетелдік жұлдыздар шақырылды

Жаңа жылды «Қазақстан» Ұлттық арнасы ұйымдастырған сиқырлы кеште қарсы алмақ. «Төрлет, құтты жаңа жыл!» жаңа жылдық бағдарламасы еліміз үшін аса маңызды орын алған оқиғаларды қорытындылап, ең жаңа әндер және үздік әзілдермен әрлейді. Бағдарламаға ең танымал жандар, жыл бойы ел үшін еңбек еткен қайраткерлер қатысады.  Жылдың соңғы күні – халық алдында есеп беру, өткенді бағамдап, елеулі оқиғаларды еске салып, қаһармандарды тағы бір ұлықтау. Демек бір жылда елдің қаншалықты дамығаны ғана емес, арнаның да қалай өскені байқалады. Жаңа жылдық кеште қазақ көрермені телеэкран алдына жайғаса отырып, біршама қызықтың куәсі атанады. Жүргізушілер. Жұбаныш Жексенұлы, Мөлдір Әуелбекова, Нұрлан Әлімжан, Гүлназ Әлімгерей, Жансерік Бейсеев, Маржан Болатханқызы, Аида Рахым. Барлығы Ұлттық арна эфиріндегі әр түрлі бағдарламалардың жүргізушілері. Орындаушылар. Қазақстанның ең танымал сахна жұлдыздары Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, «МузАрт», Жұбаныш Жексенұлы, «Орда» тобы сияқты өнер жұлдыздары өздерінің ең жаңа әндерін ұсынады. Орындалатын әрбір әнге танымал кәсіби би ұжымдарының көмегімен би дайындалған. Сонымен қатар қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтауға шетелдік жұлдыздар арнайы шақырылды. Түркітілдес тәуелсіз мемлекеттерден шақырылған қонақтар: Фарух Закиров бастаған «Ялла» тобы, түрік әншісі «Ардем», қырғыз жұлдыздары Омар мен Әрсен. Отандық танымал әзіл-сықақ театрлары, пародистер, «Жайдарман» ойындарының Жоғары және Премъер Лига Чемпиондары қатысады. Қазақстандықтарға танымал мемлекет, өнер, спорт қайраткерлері мерекелік құттықтаулар жолдайды. Сонымен қатар көптеген түркітілдес халықтардың өкілдері жаңа жылдық тілектерін білдірмек. Осының барлығы мерекелік бағдарламаға халықаралық деңгей береді, халықтың жаңа жылдық көңіл-күйін көтереді. baq.kz
26.12.2012 11:40 3488

Жаңа жылды «Қазақстан» Ұлттық арнасы ұйымдастырған сиқырлы кеште қарсы алмақ. «Төрлет, құтты жаңа жыл!» жаңа жылдық бағдарламасы еліміз үшін аса маңызды орын алған оқиғаларды қорытындылап, ең жаңа әндер және үздік әзілдермен әрлейді. Бағдарламаға ең танымал жандар, жыл бойы ел үшін еңбек еткен қайраткерлер қатысады. 

Жылдың соңғы күні – халық алдында есеп беру, өткенді бағамдап, елеулі оқиғаларды еске салып, қаһармандарды тағы бір ұлықтау. Демек бір жылда елдің қаншалықты дамығаны ғана емес, арнаның да қалай өскені байқалады.
Жаңа жылдық кеште қазақ көрермені телеэкран алдына жайғаса отырып, біршама қызықтың куәсі атанады.
Жүргізушілер. Жұбаныш Жексенұлы, Мөлдір Әуелбекова, Нұрлан Әлімжан, Гүлназ Әлімгерей, Жансерік Бейсеев, Маржан Болатханқызы, Аида Рахым. Барлығы Ұлттық арна эфиріндегі әр түрлі бағдарламалардың жүргізушілері.
Орындаушылар. Қазақстанның ең танымал сахна жұлдыздары Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, «МузАрт», Жұбаныш Жексенұлы, «Орда» тобы сияқты өнер жұлдыздары өздерінің ең жаңа әндерін ұсынады. Орындалатын әрбір әнге танымал кәсіби би ұжымдарының көмегімен би дайындалған. Сонымен қатар қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтауға шетелдік жұлдыздар арнайы шақырылды. Түркітілдес тәуелсіз мемлекеттерден шақырылған қонақтар: Фарух Закиров бастаған «Ялла» тобы, түрік әншісі «Ардем», қырғыз жұлдыздары Омар мен Әрсен.
Отандық танымал әзіл-сықақ театрлары, пародистер, «Жайдарман» ойындарының Жоғары және Премъер Лига Чемпиондары қатысады.
Қазақстандықтарға танымал мемлекет, өнер, спорт қайраткерлері мерекелік құттықтаулар жолдайды. Сонымен қатар көптеген түркітілдес халықтардың өкілдері жаңа жылдық тілектерін білдірмек.
Осының барлығы мерекелік бағдарламаға халықаралық деңгей береді, халықтың жаңа жылдық көңіл-күйін көтереді.

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға