Жаңалықтар

Олимпиада чемпиондары жаңа жылдық кеште өнер көрсетеді

Биылғы жаңа жыл кешінде «Астана» телеарнасы алғаш рет төл туындысын көрермен назарына ұсынбақ. «Жап-жаңа жыл» деп аталатын музыкалық бағдарламада Серік Сәпиев, Ольга Рыпакова, Илья Ильин әртістік өнерлерін ортаға салмақ. Музыкалық бағдарлама төрт сағатқа созылады. Көрсетілім 31 желтоқсан кешкі сағат 22-00 де басталады. «Бұл бағдарламаға қатысқаныма қуаныштымын. Барлық қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Елімізде тыныштық, молшылық болсын. Елбасымыз аман болсын!» - дейді Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев. Киносүйер қауымды баураған Асылхан Төлепов пен Аян Өтепбергеновке осы күні «Оскар» сыйлығы табыс етіледі. «Шал» фильмінің бас кейіпкері Ербол Тоғызақов, болашақ «гроссмейстер» Жансая Әбдімәлік көпшілікке жаңа жылдық жылы лебізін жолдайды. Ал, көрерменді әдемі әзіл, иірімді ойларымен, тосырқауды білмейтін тапқырлығымен іліп әкететін Тұрсынбек Қабатов пен тележүргізуші Оксана Лоскутовалар кешті ажарландырады. «Астана» арнасындағы жаңа жылдық кеште. Айқын Төлепбергенов, Алмас Кішкенбаев, Карина Абдуллина, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Бүркіт пен Аиша, «Жігіттер тобы» және Қарагөз Тілеубековалар көл-көсір әзілді әнмен әрлеп, күймен көмкеріп отырады. BAQ.kz
26.12.2012 10:22 3329

Биылғы жаңа жыл кешінде «Астана» телеарнасы алғаш рет төл туындысын көрермен назарына ұсынбақ.
«Жап-жаңа жыл» деп аталатын музыкалық бағдарламада Серік Сәпиев, Ольга Рыпакова, Илья Ильин әртістік өнерлерін ортаға салмақ.

Музыкалық бағдарлама төрт сағатқа созылады. Көрсетілім 31 желтоқсан кешкі сағат 22-00 де басталады.

«Бұл бағдарламаға қатысқаныма қуаныштымын. Барлық қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Елімізде тыныштық, молшылық болсын. Елбасымыз аман болсын!» - дейді Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев.

Киносүйер қауымды баураған Асылхан Төлепов пен Аян Өтепбергеновке осы күні «Оскар» сыйлығы табыс етіледі. «Шал» фильмінің бас кейіпкері Ербол Тоғызақов, болашақ «гроссмейстер» Жансая Әбдімәлік көпшілікке жаңа жылдық жылы лебізін жолдайды.
Ал, көрерменді әдемі әзіл, иірімді ойларымен, тосырқауды білмейтін тапқырлығымен іліп әкететін Тұрсынбек Қабатов пен тележүргізуші Оксана Лоскутовалар кешті ажарландырады.

«Астана» арнасындағы жаңа жылдық кеште. Айқын Төлепбергенов, Алмас Кішкенбаев, Карина Абдуллина, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Бүркіт пен Аиша, «Жігіттер тобы» және Қарагөз Тілеубековалар көл-көсір әзілді әнмен әрлеп, күймен көмкеріп отырады.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға