Жаңалықтар

Ешбір елде өзге ұлт өкілдеріне дәл Қазақстандағыдай құрмет көрсетілмейді – сарапшы пікірі

Бүгін Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этно-мәдени орталықтардың өкілдері Елбасының «Қазақстан-2050 стартегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Елбасының Жолдауын ұйымымызбен бірге мұқият тыңдадық. Әсіресе, еліміздің дамуы мен өркендеуінің кепілі болып отырған бірлік пен татулық мәселесі бізді қатты қуантты. Әлемде еш елде дәл Қазақстандағыдай әр ұлтқа құрмет көрсетілмейді. Біздің тілімізді, дініміз бен мәдениетімізді Елбасы сондай құрметтейді. Еш елде Ассамблея деген түсінік жоқ. Әлбетте, біз де сол дәрежеде елімізге қызмет көрсетуге тырысамыз. Жаңа Жолдауда болашақ стратегиялық мақсатымыз айқындалды. Енді бізге сол бағытта көп жұмыс істеу керек. Біздің күштілігіміз де, мықтылығымыз да бірлікте»,- деді Ұйғыр әйелдері қауымдастығының төрайымы Ақкерім Ахметова. Гүлмира Ғосманәлі
26.12.2012 09:47 4060

Бүгін Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этно-мәдени орталықтардың өкілдері Елбасының «Қазақстан-2050 стартегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Елбасының Жолдауын ұйымымызбен бірге мұқият тыңдадық. Әсіресе, еліміздің дамуы мен өркендеуінің кепілі болып отырған бірлік пен татулық мәселесі бізді қатты қуантты. Әлемде еш елде дәл Қазақстандағыдай әр ұлтқа құрмет көрсетілмейді. Біздің тілімізді, дініміз бен мәдениетімізді Елбасы сондай құрметтейді. Еш елде Ассамблея деген түсінік жоқ. Әлбетте, біз де сол дәрежеде елімізге қызмет көрсетуге тырысамыз. Жаңа Жолдауда болашақ стратегиялық мақсатымыз айқындалды. Енді бізге сол бағытта көп жұмыс істеу керек. Біздің күштілігіміз де, мықтылығымыз да бірлікте»,- деді Ұйғыр әйелдері қауымдастығының төрайымы Ақкерім Ахметова.

Гүлмира Ғосманәлі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға