Жаңалықтар

«Туған елдің түтіні» атты жаңа отандық телехикая көрерменге жол тартады

Жаңа жылда «Қазақстан» ұлттық арнасында «Туған елдің түтіні» атты жаңа отандық телехикаяның тұсаукесері болады. Бұл тарихи драмада Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары тағдыр талқысына түскен азаматтың отаны мен туған ошағына деген іңкәр сезімі баяндалады. Қоғамдағы алпауыт өзгерістер қарапайым адамдардың тағдыры мен көзқарастарын өзгертеді. Мемлекет басшысының алдында тұралаған экономиканы аяғынан тік тұрғызып, тәуелсіз ел болу мұраты тұрды. Дәл осы кезеңде Қазақстанның жаңа дипломатиялық мектептері қалыптаса бастады. Мемлекетке кәсіби сауатты, елжанды, адал азаматтар керек болды. Телехикаяның басты кейіпкері Азамат тәуелсіздік алған жылдары елшілікте қарапайым қызмет атқарды. Мемлекетте болған маңызды тарихи өзгерістер қарапайым адамның жан дүниесі арқылы суреттеледі. Фильмде бір отбасы мүшелерінің әртүрлі мамандық пен қилы өмір жолын таңдауы баяндалады. Олардың бірі дәрігер, елшілік қызметкері, журналист, іскер азамат болса, енді бірі өмірін ауылын көтеруге арнайды. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында 3 қаңтардан бастап «Туған елдің түтіні» телехикаясын көріңіздер! BAQ.kz
26.12.2012 05:05 2973

Жаңа жылда «Қазақстан» ұлттық арнасында «Туған елдің түтіні» атты жаңа отандық телехикаяның тұсаукесері болады. Бұл тарихи драмада Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары тағдыр талқысына түскен азаматтың отаны мен туған ошағына деген іңкәр сезімі баяндалады.
Қоғамдағы алпауыт өзгерістер қарапайым адамдардың тағдыры мен көзқарастарын өзгертеді.

Мемлекет басшысының алдында тұралаған экономиканы аяғынан тік тұрғызып, тәуелсіз ел болу мұраты тұрды. Дәл осы кезеңде Қазақстанның жаңа дипломатиялық мектептері қалыптаса бастады. Мемлекетке кәсіби сауатты, елжанды, адал азаматтар керек болды.
Телехикаяның басты кейіпкері Азамат тәуелсіздік алған жылдары елшілікте қарапайым қызмет атқарды. Мемлекетте болған маңызды тарихи өзгерістер қарапайым адамның жан дүниесі арқылы суреттеледі.
Фильмде бір отбасы мүшелерінің әртүрлі мамандық пен қилы өмір жолын таңдауы баяндалады. Олардың бірі дәрігер, елшілік қызметкері, журналист, іскер азамат болса, енді бірі өмірін ауылын көтеруге арнайды.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасында 3 қаңтардан бастап «Туған елдің түтіні» телехикаясын көріңіздер!

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға