Елбасы «Инновациялық лидер» сыйлығын «Қазатомөнеркәсіпке» табыс етті
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Индустрияландыру күніне арналған салтанатты жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Инновациялық лидер» сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
ҚР Президентінің арнайы сыйлығы болып табылатын «Инновациялық лидер-2012» атағын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компанясы» АҚ иеленіп, компанияның басқарма төрағасы Владимир Школьник Елбасының қолынан марапат алу құрметіне ие болды.
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясында бүгінгі таңда 23 мыңнан астам адам қызмет етеді. Компания әлемдегі уран өндіруші үздік кәсіпорындар қатарына жатады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

