Жаңалықтар

Қазақстанда «құрғақ тәсіл» бойынша цемент шығаратын зауыт құрылысы басталды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында Шығыс Қазақстан облысында «Қазақцемент» компаниясының «құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауытының құрылысын бастауға рұқсат берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл Шар қаласында қолға алынған құрылыс индустриясындағы маңызды жоба. Цемент өндіруге қажет клинкердің алғашқы легі осы жылдың қыркүйек айында алынды. Жоба құны – 19 млрд 500 млн теңге. 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Сапалы құрылыс материалы еліміздегі цемент тапшылығын азайтады. Сонымен қатар, телекөпір барысында «Қордай-Шу» жоғары қысымды газ құбыры іске қосылды. Ол Шу қаласын толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз етпек. Құбыр жақын болашақта тағы 32 елді мекенге тартылады. Жаңа жоба Шуда ашылған «Тараз» химиялық паркіне де табиғи газ жеткізеді. «Мен бұған қуана рұқсат беремін. Бұл нысандар өте маңызды және Қазақстан үшін жаңа өндіріс болып табылады. Мына газ құбыры талай адамдарға қуаныш сыйлайтын болады. Осының барлығы индустриялдық бағдарлама аясында халық аз тұратын қалаларға жасалып жатқан жақсылық болып саналады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   Диана Құлмағанбетова BNews.kz  
25.12.2012 11:45 4116

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында Шығыс Қазақстан облысында «Қазақцемент» компаниясының «құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауытының құрылысын бастауға рұқсат берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл Шар қаласында қолға алынған құрылыс индустриясындағы маңызды жоба. Цемент өндіруге қажет клинкердің алғашқы легі осы жылдың қыркүйек айында алынды. Жоба құны – 19 млрд 500 млн теңге. 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Сапалы құрылыс материалы еліміздегі цемент тапшылығын азайтады.

Сонымен қатар, телекөпір барысында «Қордай-Шу» жоғары қысымды газ құбыры іске қосылды. Ол Шу қаласын толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз етпек. Құбыр жақын болашақта тағы 32 елді мекенге тартылады. Жаңа жоба Шуда ашылған «Тараз» химиялық паркіне де табиғи газ жеткізеді.

«Мен бұған қуана рұқсат беремін. Бұл нысандар өте маңызды және Қазақстан үшін жаңа өндіріс болып табылады. Мына газ құбыры талай адамдарға қуаныш сыйлайтын болады. Осының барлығы индустриялдық бағдарлама аясында халық аз тұратын қалаларға жасалып жатқан жақсылық болып саналады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 

Диана Құлмағанбетова

BNews.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға