Жаңалықтар

СҚО-да жел энергетикалық қондырғысы іске қосылды

Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің жел энергетикалық қондырғысы іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі «Ауыл шаруашылығы саласында біз жел қондырғыларын қолдана бастадық. Бұл ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды. Мен бүгін Астанада күн батареяларын шығаратын зауыт аштым, егер де күн батареялары мен жел қондырғылары қатар тұрып, бір-бірін толықтыра жұмыс істеп отырса, Қазақстанның кең аумағында ауыл шаруашылығын, елді мекендерді ешбір сымсыз, қыруар ақша шығармай, мал шаруашылығын сумен қамтамасыз етіп, оны дамыта алушы едік», - деді Нұрсұлтан Назрабаев. Жоба агрофирма кәсіпорындары мен ауылды электр қуатымен қамтамасыз етеді. Кешеннің құны 174 млн. теңге. Баламалы энергетикалық қондырғы жылына 8 млн кВт-тан астам электр қуатын өндіре алады.   Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА BNews.kz
25.12.2012 11:35 3521

Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің жел энергетикалық қондырғысы іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі

«Ауыл шаруашылығы саласында біз жел қондырғыларын қолдана бастадық. Бұл ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды. Мен бүгін Астанада күн батареяларын шығаратын зауыт аштым, егер де күн батареялары мен жел қондырғылары қатар тұрып, бір-бірін толықтыра жұмыс істеп отырса, Қазақстанның кең аумағында ауыл шаруашылығын, елді мекендерді ешбір сымсыз, қыруар ақша шығармай, мал шаруашылығын сумен қамтамасыз етіп, оны дамыта алушы едік», - деді Нұрсұлтан Назрабаев.

Жоба агрофирма кәсіпорындары мен ауылды электр қуатымен қамтамасыз етеді. Кешеннің құны 174 млн. теңге. Баламалы энергетикалық қондырғы жылына 8 млн кВт-тан астам электр қуатын өндіре алады.
 

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА
BNews.kz
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға