Теміртаудағы «Линде Газ» өнеркәсіптік газдар өндірісі кешенінің құрылысы басталды
25.12.2012 11:33
3275
Бүгін Астанада жалпыұлттық телекөпір барысында Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Линде Газ» өнеркәсіптік газдар өндірісі кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бұл кәсіпорындарды мен жақсы білемін. Біз ұзақ уақыт бойы инвестициялар мен инвесторларды тарту мәселесін талқылаған болатынбыз. Осы кәсіпорындардың ашылуына дайындалдық. Жаңа жыл қарсаңында осындай жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы үлкен оқиға», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Өндірістік газ өндіретін кешен құрылысы бұл – шетелден тікелей инвестиция тартудың және қазақстандық үлесті арттырудың айқын мысалы. Жаңа кешен іске қосылғанда оттегі, азот, аргон өндірісі артады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Латын әліпбиінің жобасының таныстырылымы өтті
Келесі жаңалық
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен