Жаңалықтар

Телекөпір барысында СҚО-дағы «Мұнаймаш» өндірісі іске қосылды

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан жыл сайынғы жалпыұлттық телекөпір барысында Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мұнаймаш» мұнай өнеркәсібінің механикалық өңдеу өндірісін жаңғырту жобасы іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Мұнай-газ кешеніне арналған барлық құрал-жабдықтар бұрын шетелде әзірленетін. Бұрын бізде ондай өндіріс болмаған. Индустрияландырудың басты мақсаты – мұнай-газ компанияларын құрал-жабдықтармен марапаттау», - деді Елбасы өндірістің іске қосылуына рұқсат бере отырып. Кәсіпорын «Өнімділік -2020» бағдарламасы аясында «Қазақстанның даму банкі» арқылы жоғары технологиялы құрал-жабдықтар сатып алған. Жобаның құны 1 млрд. 498 млн.теңге. Жоспарланған жылдық өнім 7,5 мың жиынтық. Ал кәсіпорындағы жаңа компьютерлік бағдарлама өнімнің дәлдігін қамтамасыз етеді. Озық технологияның арқасында өндірістік цикл 80 пайызға қысқарып, механикалық өңдеу бойынша өнімділік 5 есе артады. Жылына 10 млн. теңгенің электр қуаты үнемделеді.   Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ BNews.kz
25.12.2012 11:21 2969

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан жыл сайынғы жалпыұлттық телекөпір барысында Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мұнаймаш» мұнай өнеркәсібінің механикалық өңдеу өндірісін жаңғырту жобасы іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мұнай-газ кешеніне арналған барлық құрал-жабдықтар бұрын шетелде әзірленетін. Бұрын бізде ондай өндіріс болмаған. Индустрияландырудың басты мақсаты – мұнай-газ компанияларын құрал-жабдықтармен марапаттау», - деді Елбасы өндірістің іске қосылуына рұқсат бере отырып.

Кәсіпорын «Өнімділік -2020» бағдарламасы аясында «Қазақстанның даму банкі» арқылы жоғары технологиялы құрал-жабдықтар сатып алған. Жобаның құны 1 млрд. 498 млн.теңге. Жоспарланған жылдық өнім 7,5 мың жиынтық. Ал кәсіпорындағы жаңа компьютерлік бағдарлама өнімнің дәлдігін қамтамасыз етеді. Озық технологияның арқасында өндірістік цикл 80 пайызға қысқарып, механикалық өңдеу бойынша өнімділік 5 есе артады. Жылына 10 млн. теңгенің электр қуаты үнемделеді.

 

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға