Жаңалықтар

Астанада Елбасының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір басталды

Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз! Жаса Қазақстан!» тақырыбында жалпыұлттық телекөпір өтуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Жалпыұлттық телекөпір Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың ІІ-ші жарты жылдығындағы Индустрияландыру картасының пайдалануға берілген инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған. Аталмыш шара барысында Үкімет жарты жылда атқарған жұмысы туралы есеп береді. Сонымен қатар, телекөпір ҮИИД бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға арналмақ. Телекөпір барысында «онлайн» режимінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасы аясында қолға алынған «ҚазАзот» компаниясының аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы жаңғыртылған өндірісін, «ШығысМашЗауыт» компаниясының вагон құю өндірісін, «Қордай-Шу» жоғары қысымды газ құбырын, «Қазақцемент» компаниясының «құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауыты сияқты жалпы 10 жаңа жобаны іске қосуға рұқсат береді. Сонымен қатар, телекөпір уақытында өз өндірісін жаңғыртқан немесе кеңейткен, экспортқа шыққан, инновация енгізген және еңбек өнімділігін арттырған, ҮИИДБ шеңберінде мемлекеттік қолдау алған, бұрын пайдалануға берілген және табысты жұмыс істейтін 3 кәсіпорынның қызметкерлері Президентпен тікелей эфирге шығады. Диана Құлмағанбетова
25.12.2012 10:20 3349

Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз! Жаса Қазақстан!» тақырыбында жалпыұлттық телекөпір өтуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Жалпыұлттық телекөпір Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың ІІ-ші жарты жылдығындағы Индустрияландыру картасының пайдалануға берілген инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған. Аталмыш шара барысында Үкімет жарты жылда атқарған жұмысы туралы есеп береді. Сонымен қатар, телекөпір ҮИИД бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға арналмақ.

Телекөпір барысында «онлайн» режимінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасы аясында қолға алынған «ҚазАзот» компаниясының аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы жаңғыртылған өндірісін, «ШығысМашЗауыт» компаниясының вагон құю өндірісін, «Қордай-Шу» жоғары қысымды газ құбырын, «Қазақцемент» компаниясының «құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауыты сияқты жалпы 10 жаңа жобаны іске қосуға рұқсат береді.

Сонымен қатар, телекөпір уақытында өз өндірісін жаңғыртқан немесе кеңейткен, экспортқа шыққан, инновация енгізген және еңбек өнімділігін арттырған, ҮИИДБ шеңберінде мемлекеттік қолдау алған, бұрын пайдалануға берілген және табысты жұмыс істейтін 3 кәсіпорынның қызметкерлері Президентпен тікелей эфирге шығады.

Диана Құлмағанбетова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға