Астанада қоршаған ортаны қорғауға зор үлес қосқан кәсіпорын марапатталды
Бүгін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттарын марапаттау барысында ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов конкурстағы «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазын марапаттады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, осы аталым бойынша үздік деп танылған Қостанай облысындағы «Илин» ЖШС-ы Үкімет басшысының қолынан марапат алды.
2 жылдан бері өткізілген «Экологияға қосқан үлесі үшін» деген номинацияға биыл 195 кәсіпорын қатысқан.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттарын марапаттауға арналған салтанатты жиын өтуде.
Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

