Жаңалықтар

Биыл 1186 адам «Болашақ» халықаралық шәкіртақысын иеленді

Кеше «Болашақ» халықаралық шәкіртқасын иеленгендер белгілі болды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхамед төрағалығымен шетелде маман дайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті. ҚР Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов «Болашақ» халықаралық степендиясының нәтижесі жайында мәлімдеді. Министр шетелде білім алу мақсатты жолға қойылғанын да айтып кеткен. Биылғы жылы 1186 адам «Болашақ» халықаралық шәкіртақысын иеленген. Оның 315-і магистратураға, екеуі докторантураға, 384-і машықтануға бағытталған екен. Талапкерлердің көбі Ұлы Британияны таңдаған. Осы елге 159 өтініш түскен. АҚШ-қа 91, Ресейге 34, Германияға 9 адам өтініш берген. Шәкіртақы иелері таңдауында басқа мемлекеттер де бар. Мәселен, Франция, Қытай, Швейцария, Австрия, Канада, Италия, Нидерланды, Чехия. «Халықаралық бағдарламалар орталығының» сайтында шәкірақы иелерінің тізімі жарияланған. Оны мына жерден көруге болады http://bolashak.gov.kz/News/24-12-2012 Baq.kz
25.12.2012 09:36 2932

Кеше «Болашақ» халықаралық шәкіртқасын иеленгендер белгілі болды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхамед төрағалығымен шетелде маман дайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті.
ҚР Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов «Болашақ» халықаралық степендиясының нәтижесі жайында мәлімдеді. Министр шетелде білім алу мақсатты жолға қойылғанын да айтып кеткен.
Биылғы жылы 1186 адам «Болашақ» халықаралық шәкіртақысын иеленген. Оның 315-і магистратураға, екеуі докторантураға, 384-і машықтануға бағытталған екен.
Талапкерлердің көбі Ұлы Британияны таңдаған. Осы елге 159 өтініш түскен. АҚШ-қа 91, Ресейге 34, Германияға 9 адам өтініш берген. Шәкіртақы иелері таңдауында басқа мемлекеттер де бар. Мәселен, Франция, Қытай, Швейцария, Австрия, Канада, Италия, Нидерланды, Чехия.
«Халықаралық бағдарламалар орталығының» сайтында шәкірақы иелерінің тізімі жарияланған. Оны мына жерден көруге болады http://bolashak.gov.kz/News/24-12-2012

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға