Жаңалықтар

Астанада «Парыз» және «Алтын Сапа» жүлделерін табыс етуге арналған салтанатт

Астанада ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің қатысуымен «Алтын сапа-2012» сыйлығы мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттарын марапаттау салтанаты басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Естеріңізге сала кетейік, «Алтын сапа» сыйлығы ұйымның, өнiмнiң және қызметтердiң сапасы, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн, сондай-ақ, ұйымның сапаны басқарудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн енгiзгенi үшiн конкурстық негiзде жыл сайын берiледі. Ал «Парыз» конкурсы кәсіпорынның әлеуметтік бағдарлы әрекетінің үлгісін қалыптастыруға, өңірлер мен ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтерді кеңейтуге белсенді түрде ықпал етеді. Персоналдың әлеуметтік ахуалын жақсарту және өз өңірінің немесе кәсіпорнының маңызды проблемаларын шешуге қатысу барлық табысты кәсіпкерлердің моральдық қажеттілігіне айналуда. 2011 жылдан бері «Үздік ұжымдық шарт», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» және «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» атты 3 номинацияға қосымша «Экологияға қосқан үлесі үшін» деген номинация қосылды. Аталған номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асырумен ерекшеленген үміткерлердің қызметі қаралады. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
25.12.2012 09:08 2909

Астанада ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің қатысуымен «Алтын сапа-2012» сыйлығы мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттарын марапаттау салтанаты басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Естеріңізге сала кетейік, «Алтын сапа» сыйлығы ұйымның, өнiмнiң және қызметтердiң сапасы, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн, сондай-ақ, ұйымның сапаны басқарудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн енгiзгенi үшiн конкурстық негiзде жыл сайын берiледі.

Ал «Парыз» конкурсы кәсіпорынның әлеуметтік бағдарлы әрекетінің үлгісін қалыптастыруға, өңірлер мен ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтік салада көрсетілетін қызметтерді кеңейтуге белсенді түрде ықпал етеді. Персоналдың әлеуметтік ахуалын жақсарту және өз өңірінің немесе кәсіпорнының маңызды проблемаларын шешуге қатысу барлық табысты кәсіпкерлердің моральдық қажеттілігіне айналуда.

2011 жылдан бері «Үздік ұжымдық шарт», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» және «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» атты 3 номинацияға қосымша «Экологияға қосқан үлесі үшін» деген номинация қосылды. Аталған номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асырумен ерекшеленген үміткерлердің қызметі қаралады.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға