Жаңалықтар

Түрік сарапшылары Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» стратегиясы Жолдауын жоғары бағ

Анкара қаласында Қазақстан Республикасының елшілігі Түркияның «УСАК» Стратегиялық зерттеулер орталығымен біріге отырып «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Шара барысында түрік сарапшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұстары, Мемлекет басшысының «G-Global» бастамасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Іс-шараға Орталықтың басшылары мен сарапшылары, елдің академиялық орта өкілдері, қоғамдық қайраткерлер қатысты. Қатысушыларға еліміздің әлеуметтік-экономикалық бағытта қол жеткізген негізгі жетістіктері, Мемлекет басшысының Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында алға қойған мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етілді. Ел басшылығы тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалардың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту екендігі баса атап өтілді. Орталықтың Бас ғылыми қызметкері Өзкан Гюнер Жолдауды жоғары бағалап, аса маңызды бұл құжаттың шын мәнісінде бауырлас Қазақстанның тарихындағы жаңа бастауларға түрткі боларын мәлімдеді. Өзкан Гюнер «Құжаттың Қазақстан Тәуелсіздігінің 21 жылдығы қарсаңында пайда болып отырғаны кездейсоқ емес. Тек қалыптасқан мемлекет қана ұзақ мерзімдік даму және экономикалық өсімді жоспарлау саясатымен айналысады» - деп атап өтті. Ол сонымен қатар, Қазақстан Президенті өзінің саяси көрегендігін тағы да байқата отырып, ел алдына нақты және қол жетерлік мақсаттар қойғанын баса айтты. «Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан мығым, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде аяққа тұрды. Осынысымен де ҚР Президенті ұсынған елдің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де маңызды болып табылады» - деп атап өтті Орталық сарапшылары. Шараға қатысушыларға сонымен қатар, әлемдік қаржы дағдарысынан шығу бойынша қажетті механизмдерді талқылау және түзіп шығаруға бағытталған «G-Global» коммуникативті алаңын құру жөніндегі ҚР Басшысының бастамасы төңірегінде де айтылды. Келген қонақтарға бүгінгі күні «G-Global» коммуникативті алаңы әлемнің 128 мемлекетінен 10 000-нан астам қатысушыны біріктіріп, олардың әлемдік экономикалық тығырықтан шығу стратегиясын пікір алмасу және дебаттар формасында талқылап жатқандығы жеткізілді. BNews.kz
25.12.2012 05:33 2871

Анкара қаласында Қазақстан Республикасының елшілігі Түркияның «УСАК» Стратегиялық зерттеулер орталығымен біріге отырып «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Шара барысында түрік сарапшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұстары, Мемлекет басшысының «G-Global» бастамасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға Орталықтың басшылары мен сарапшылары, елдің академиялық орта өкілдері, қоғамдық қайраткерлер қатысты.

Қатысушыларға еліміздің әлеуметтік-экономикалық бағытта қол жеткізген негізгі жетістіктері, Мемлекет басшысының Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында алға қойған мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етілді. Ел басшылығы тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалардың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту екендігі баса атап өтілді.

Орталықтың Бас ғылыми қызметкері Өзкан Гюнер Жолдауды жоғары бағалап, аса маңызды бұл құжаттың шын мәнісінде бауырлас Қазақстанның тарихындағы жаңа бастауларға түрткі боларын мәлімдеді. Өзкан Гюнер «Құжаттың Қазақстан Тәуелсіздігінің 21 жылдығы қарсаңында пайда болып отырғаны кездейсоқ емес. Тек қалыптасқан мемлекет қана ұзақ мерзімдік даму және экономикалық өсімді жоспарлау саясатымен айналысады» - деп атап өтті. Ол сонымен қатар, Қазақстан Президенті өзінің саяси көрегендігін тағы да байқата отырып, ел алдына нақты және қол жетерлік мақсаттар қойғанын баса айтты.

«Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан мығым, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде аяққа тұрды. Осынысымен де ҚР Президенті ұсынған елдің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де маңызды болып табылады» - деп атап өтті Орталық сарапшылары.

Шараға қатысушыларға сонымен қатар, әлемдік қаржы дағдарысынан шығу бойынша қажетті механизмдерді талқылау және түзіп шығаруға бағытталған «G-Global» коммуникативті алаңын құру жөніндегі ҚР Басшысының бастамасы төңірегінде де айтылды. Келген қонақтарға бүгінгі күні «G-Global» коммуникативті алаңы әлемнің 128 мемлекетінен 10 000-нан астам қатысушыны біріктіріп, олардың әлемдік экономикалық тығырықтан шығу стратегиясын пікір алмасу және дебаттар формасында талқылап жатқандығы жеткізілді.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға