Жаңалықтар

«Жас Отан» 2013 жылды ауыл және жұмысшы жастарды қолдау жылы ретінде белгілеп отыр

«Жас Отан» жастар қанаты 2013 жылы екі бағытта жұмыс жасаймыз деп белді бекем буып отыр. Жасотандықтар келесі жылы ауыл және жұмысшы жастарға қолдау көрсетуді жоспарлауда. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов хабарлады.   «2013 жылы екі бағытта жұмыс атқарамыз деп отырмыз. Ауыл жастарымен және жұмысшы жастармен жұмыс істейміз. Бүгінде ауылдағы жастардың мәселелері көп. Әсіресе, әлеуметтену, жұмысқа тұру мәселесі ең өзекті проблемалардың бірі. Оларды шешуге жастар ұйымдары атсалысуы керек. Осы бағытта кезең-кезеңімен жұмыс атқарамыз. Мәселелерді шешудің жаңа механизмдерін іздейміз», - деді Нұрлан Сыдықов. Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде азаматтық қоғам дамып отыр. «Елімізде азаматтық қоғам дамыған, осы азаматтық қоғам мемлекетке жәрдемдесуі керек. Біз Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуымыз қажет. Міндетіміз тек Жолдауды түсіндіру ғана емес, жастарды ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға жұмылдыру болып отыр», - деп атап өтті «Жас Отан» көшбасшысы. Айымгүл Әбілева
25.12.2012 03:28 3555

«Жас Отан» жастар қанаты 2013 жылы екі бағытта жұмыс жасаймыз деп белді бекем буып отыр. Жасотандықтар келесі жылы ауыл және жұмысшы жастарға қолдау көрсетуді жоспарлауда. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов хабарлады.  

«2013 жылы екі бағытта жұмыс атқарамыз деп отырмыз. Ауыл жастарымен және жұмысшы жастармен жұмыс істейміз. Бүгінде ауылдағы жастардың мәселелері көп. Әсіресе, әлеуметтену, жұмысқа тұру мәселесі ең өзекті проблемалардың бірі. Оларды шешуге жастар ұйымдары атсалысуы керек. Осы бағытта кезең-кезеңімен жұмыс атқарамыз. Мәселелерді шешудің жаңа механизмдерін іздейміз», - деді Нұрлан Сыдықов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде азаматтық қоғам дамып отыр.

«Елімізде азаматтық қоғам дамыған, осы азаматтық қоғам мемлекетке жәрдемдесуі керек. Біз Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуымыз қажет. Міндетіміз тек Жолдауды түсіндіру ғана емес, жастарды ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға жұмылдыру болып отыр», - деп атап өтті «Жас Отан» көшбасшысы.

Айымгүл Әбілева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға