Жаңалықтар

Депутат Саяпова: «Қазақстан-2050» - бұл міндетті орындай аламыз

Бұл жолы біз алдымызға биік мақсаттар қойдық. Басты міндет – дамыған 30 елдің қатарына кіру. Бұл міндетті орындауға болады, себебі дүниежүзілік қоғамдастықта Қазақстан мәртебелі серіктес ретінде танылған. Бұл жөнінде Астана қаласы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері кеңесінің отырысында, BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің депутаты Зухра Саяпова айтып берді. «Жақында ғана біз Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында» қойған негізгі міндеттерін тыңдадық. Бұл стратегия бізді жауапкершілікке, дамуға ұмтылуға бағыттайды. Президент біздің алдымызға қойып отырған міндеттер – орындалуда. Біз әлемдегі анағұрлым бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге тиіс болдық – бұл міндетті орындадық. Бұдан әрі, біз 2015 жылға қарай жоғары табысты елдер қатарына кіруге тиіспіз – осы міндетке қол жеткізуге тырысамыз», - деді ол. Депутат сондай-ақ Қазақстан 140 этнос және 17 конфессия өкілдеріне туған үйіндей болып кеткенін атап айтты. Сондықтан біздің еліміздің басты мақсаты – бұл ұлтаралық келісім мен азаматтар арасындағы бейбітшілік, бұл ұлттық саясаттың әлемдік үлгісі болып табылады. «Халықтың әл-ауқаты артып келеді. Және ең маңыздысы біз тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтап қала алдық. Бұл тұрақтылық көптеген елдер үшін үлгі болып табылады. Біздің еліміз алдағы уақытта да Елбасы қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе бермек», - деп қорытындылады депутат Саяпова.
22.12.2012 08:53 2743

Бұл жолы біз алдымызға биік мақсаттар қойдық. Басты міндет – дамыған 30 елдің қатарына кіру. Бұл міндетті орындауға болады, себебі дүниежүзілік қоғамдастықта Қазақстан мәртебелі серіктес ретінде танылған. Бұл жөнінде Астана қаласы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері кеңесінің отырысында, BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің депутаты Зухра Саяпова айтып берді.

«Жақында ғана біз Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында» қойған негізгі міндеттерін тыңдадық. Бұл стратегия бізді жауапкершілікке, дамуға ұмтылуға бағыттайды. Президент біздің алдымызға қойып отырған міндеттер – орындалуда. Біз әлемдегі анағұрлым бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге тиіс болдық – бұл міндетті орындадық. Бұдан әрі, біз 2015 жылға қарай жоғары табысты елдер қатарына кіруге тиіспіз – осы міндетке қол жеткізуге тырысамыз», - деді ол.

Депутат сондай-ақ Қазақстан 140 этнос және 17 конфессия өкілдеріне туған үйіндей болып кеткенін атап айтты. Сондықтан біздің еліміздің басты мақсаты – бұл ұлтаралық келісім мен азаматтар арасындағы бейбітшілік, бұл ұлттық саясаттың әлемдік үлгісі болып табылады.

«Халықтың әл-ауқаты артып келеді. Және ең маңыздысы біз тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтап қала алдық. Бұл тұрақтылық көптеген елдер үшін үлгі болып табылады. Біздің еліміз алдағы уақытта да Елбасы қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе бермек», - деп қорытындылады депутат Саяпова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға