Жаңалықтар

«WikiBilim» қорының басшылығы қолданушылардан табылған қателерді түзетуді сұрады

«WikiBilim» қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы мақала жасаушы қауымдастық мүшелерінің дайындығы туралы өз пікірімен бөлісті. «Қауымдастық күшті болған сайын материалдардың сапасы жақсара береді. Мысалға, ағылшын тілді мақалаларды жасаушылардың тең жартысының ғылыми атағы бар, сәйкесінше материалдардың деңгейі өте жоғары. Жоғары болғаны соншалық, Википедияға байланысты жақында Британника энциклопедиясын басып шығару тоқтатылды. Біз мақалаларды жетілдіре түсуге қатысты тілектерді жиі естиміз және ондағы қателер мен дәлсіздікті тапқан әрбір адамға алғысымыз шексіз, дегенмен егер бұл адамдар табылған қателерді өздері түзетіп, материалдарды өңдейтін болса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені бұл технологиялардың барлық философиясы игілікті істі атқаруды біреуден өтіну емес, оған әрбір адамның қатысуында жатыр. Қатені тауып, ол туралы хабарлау оңай, оны әрбір адам істей алады, ал қатені түзету және жақсы материал жасау оңай шаруа емес», - деді Р.Кенжеханұлы. Естеріңізге саламыз, «Қазақша Википедиа» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтың қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба 2011 жылдың маусымында қолға алынған. «Викимания» (Wikimania-2011) халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша «Қазақша Википедиа» жобасы Жыл Википедиясы деп танылды (жыл ішінде мақалалар көлемі мен белсенді редакторлар санының артуы бойынша). Аталған жобаның мақсаты – Википедия жаһандық энциклопедиясында қазақ тілін дамыту болып табылады. Энциклопедия мақалаларын редакторлық жасайтын қолданушылар өздері жазады.
21.12.2012 10:28 2811

«WikiBilim» қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы мақала жасаушы қауымдастық мүшелерінің дайындығы туралы өз пікірімен бөлісті.

«Қауымдастық күшті болған сайын материалдардың сапасы жақсара береді. Мысалға, ағылшын тілді мақалаларды жасаушылардың тең жартысының ғылыми атағы бар, сәйкесінше материалдардың деңгейі өте жоғары. Жоғары болғаны соншалық, Википедияға байланысты жақында Британника энциклопедиясын басып шығару тоқтатылды.

Біз мақалаларды жетілдіре түсуге қатысты тілектерді жиі естиміз және ондағы қателер мен дәлсіздікті тапқан әрбір адамға алғысымыз шексіз, дегенмен егер бұл адамдар табылған қателерді өздері түзетіп, материалдарды өңдейтін болса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені бұл технологиялардың барлық философиясы игілікті істі атқаруды біреуден өтіну емес, оған әрбір адамның қатысуында жатыр. Қатені тауып, ол туралы хабарлау оңай, оны әрбір адам істей алады, ал қатені түзету және жақсы материал жасау оңай шаруа емес», - деді Р.Кенжеханұлы.

Естеріңізге саламыз, «Қазақша Википедиа» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жоба 2011 жылдың маусымында қолға алынған. «Викимания» (Wikimania-2011) халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша «Қазақша Википедиа» жобасы Жыл Википедиясы деп танылды (жыл ішінде мақалалар көлемі мен белсенді редакторлар санының артуы бойынша).

Аталған жобаның мақсаты – Википедия жаһандық энциклопедиясында қазақ тілін дамыту болып табылады. Энциклопедия мақалаларын редакторлық жасайтын қолданушылар өздері жазады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға