Жаңалықтар

Депутат Әшімбаев: 2050 жылға қарай Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу – күрделі, бірақ

2050 жылға қарай Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу – күрделі, бірақ толығымен қол жеткізуге болатын мақсат, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы» Жолдауына түсініктеме бере отырып. «Қазақстан Президенті еліміздің 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру туралы басты міндетін айқындап берді. Әрине, бұл күрделі әрі биік мақсат. Меніңше, оған толығымен қол жеткізуге болады», - деді Әшімбаев. Депутат 1997 жылы Мемлекет басшысы 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жариялаған кезде оның мәнін жұрт бірден түсіне қоймағанын атап өтті. «Мұндай ұзақ мерзімді мақсат қоюдың қажеті бар ма еді, оған қол жеткізе аламыз ба дегендер болды арамызда. Алайда бүгін, 15 жыл өткен соң, біз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында айқындалған барлық мақсаттарға мезгілінен бұрын қол жеткізгенімізді көріп отырмыз. Сондықтан, Мемлекет басшысының 2050 жылға қойған мақсаттары толығымен орындалады деп ойлаймын және кейбір мақсат-міндеттерге мезгілінен бұрын қол жеткізуіміз әбден мүмкін», - деді мәжілісмен. «Мұның басты кепілдігі, бұл мақсаттарға қол жеткізудің басты факторы – бұл Президенттің тұлғасы. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміздің алдына жоғары мақсат қоя білді, қазақстандық қоғамды, барлық қоғамдық-саяси күштерді топтастырды және қойылған мақсаттарға жетуге жол ашты. Бұл жолы да солай болады деген ойдамын», - деп қорытындылады Әшімбаев. BNews.kz
21.12.2012 05:25 3816

2050 жылға қарай Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу – күрделі, бірақ толығымен қол жеткізуге болатын мақсат, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы» Жолдауына түсініктеме бере отырып. «Қазақстан Президенті еліміздің 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру туралы басты міндетін айқындап берді. Әрине, бұл күрделі әрі биік мақсат. Меніңше, оған толығымен қол жеткізуге болады», - деді Әшімбаев.

Депутат 1997 жылы Мемлекет басшысы 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жариялаған кезде оның мәнін жұрт бірден түсіне қоймағанын атап өтті.

«Мұндай ұзақ мерзімді мақсат қоюдың қажеті бар ма еді, оған қол жеткізе аламыз ба дегендер болды арамызда. Алайда бүгін, 15 жыл өткен соң, біз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында айқындалған барлық мақсаттарға мезгілінен бұрын қол жеткізгенімізді көріп отырмыз. Сондықтан, Мемлекет басшысының 2050 жылға қойған мақсаттары толығымен орындалады деп ойлаймын және кейбір мақсат-міндеттерге мезгілінен бұрын қол жеткізуіміз әбден мүмкін», - деді мәжілісмен.

«Мұның басты кепілдігі, бұл мақсаттарға қол жеткізудің басты факторы – бұл Президенттің тұлғасы. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміздің алдына жоғары мақсат қоя білді, қазақстандық қоғамды, барлық қоғамдық-саяси күштерді топтастырды және қойылған мақсаттарға жетуге жол ашты. Бұл жолы да солай болады деген ойдамын», - деп қорытындылады Әшімбаев.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға