Жаңалықтар

«Қазақстан-2050» стратегиясы қазақстандық экономиканы дамыту жөнінде нақты көрініс беред

«Қазақстан-2050» стратегиясы – бұл Қазақстан өз экономикасын қандай жолмен дамытатындығы жөнінде нақты көрініс беретін құжат, деп түсініктеме берді ҚР Президентінің Жолдауына Бундестаг депутаты Манфред Грунд. «Қазақстан Еуропаның негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Германия Қазақстаннан басқа Орталық Азия елдерінің бір де біреуімен мұндай жақсы серіктестік қатынаста емес. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Берлинге соңғы ресми сапары кезінде Минералдық ресурстар мен энергоресурстар жөніндегі келісім мен Инновациялар жөніндегі келісім сияқты өте маңызды құжаттарға қол қойылды. Сондықтан 2050 жылға дейін Қазақстан өз экономикасын қандай жолмен дамытатыны, халықтың өмір сүру деңгейін қалай арттыратыны жөнінде нақты көрініс беретін бұл жаңа құжат біз үшін өте маңызды», - деді Грунд. Германиялық депутат «Қазақстан-2050» стратегиясы «Қазақстан-2030» стратегиясының жалғасы болып табылатындығын атап айтты. «1997 жылдың өзінде Назарбаев мырза «Қазақстан-2030» стратегиясын жариялаған болатын, ол ел алдында бәсекеге қабілетті экономиканы, мүмкіндіктер теңдігіне негізделген әділ қоғамды құру міндеттерін қойды. Қазір мұның көбі қалыптасқан факт», - деді Грунд. Депутаттың айтуынша, Президент жариялаған жаңа саяси бағытта Қазақстан Республикасына ғана емес, Орталық Азия ғана емес, барлық жаһандық әлемге қатысты анағұрлым жаһандық бағыттар қарастырылған. «Стратегияда демографиялық мәселелермен қатар, энергоресурстарға, қоршаған ортаны қорғауға және қазір басымыздан өткеріп отырған саяси дағдарысқа қатысты мәселелер жөнінде айтылған», - деп атап өтті ол. «Менің ойымша, бұл жаһандық құжат Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік ауқымдағы лидер болып табылатындығының тағы бір көрінісі. Әлемдік дағдарыс кезінде Президент Назарбаев тұрақты даму жолын тапқанын біз бәріміз көрдік, өз идеяларын ол «Дағдарыстан шығудың кілті» мақаласында білдірген болатын. Жаңа Стратегия Елбасы тұлғасының ауқымдылығын, оның болашақты болжаудағы қырағылығын көрсетеді», - деп қорытындылады Грунд. BNews.kz
21.12.2012 04:01 3009

«Қазақстан-2050» стратегиясы – бұл Қазақстан өз экономикасын қандай жолмен дамытатындығы жөнінде нақты көрініс беретін құжат, деп түсініктеме берді ҚР Президентінің Жолдауына Бундестаг депутаты Манфред Грунд. «Қазақстан Еуропаның негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Германия Қазақстаннан басқа Орталық Азия елдерінің бір де біреуімен мұндай жақсы серіктестік қатынаста емес. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Берлинге соңғы ресми сапары кезінде Минералдық ресурстар мен энергоресурстар жөніндегі келісім мен Инновациялар жөніндегі келісім сияқты өте маңызды құжаттарға қол қойылды. Сондықтан 2050 жылға дейін Қазақстан өз экономикасын қандай жолмен дамытатыны, халықтың өмір сүру деңгейін қалай арттыратыны жөнінде нақты көрініс беретін бұл жаңа құжат біз үшін өте маңызды», - деді Грунд.

Германиялық депутат «Қазақстан-2050» стратегиясы «Қазақстан-2030» стратегиясының жалғасы болып табылатындығын атап айтты.

«1997 жылдың өзінде Назарбаев мырза «Қазақстан-2030» стратегиясын жариялаған болатын, ол ел алдында бәсекеге қабілетті экономиканы, мүмкіндіктер теңдігіне негізделген әділ қоғамды құру міндеттерін қойды. Қазір мұның көбі қалыптасқан факт», - деді Грунд.

Депутаттың айтуынша, Президент жариялаған жаңа саяси бағытта Қазақстан Республикасына ғана емес, Орталық Азия ғана емес, барлық жаһандық әлемге қатысты анағұрлым жаһандық бағыттар қарастырылған. «Стратегияда демографиялық мәселелермен қатар, энергоресурстарға, қоршаған ортаны қорғауға және қазір басымыздан өткеріп отырған саяси дағдарысқа қатысты мәселелер жөнінде айтылған», - деп атап өтті ол.

«Менің ойымша, бұл жаһандық құжат Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік ауқымдағы лидер болып табылатындығының тағы бір көрінісі. Әлемдік дағдарыс кезінде Президент Назарбаев тұрақты даму жолын тапқанын біз бәріміз көрдік, өз идеяларын ол «Дағдарыстан шығудың кілті» мақаласында білдірген болатын. Жаңа Стратегия Елбасы тұлғасының ауқымдылығын, оның болашақты болжаудағы қырағылығын көрсетеді», - деп қорытындылады Грунд.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға