Жаңалықтар

Елбасымен бірге жаңа биіктерге

Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы елімізді одан әрі өркендетудің ең басты жолдарын айқындап берді.Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға оңай тиген жоқ. Дегенмен, жаһандық экономикалық дағдарыс Еуропаның көптеген елдерін есеңгіретіп тастағанда, Қазақстан бұл қиындықтан Елбасының парасатты да дана басшылығы арқылы шығып келеді дейді ОҚО клиникалық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқан Егізбаев.  «Бизнестің жол картасы» қалалар мен аудандарда жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты қысқартуға, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Денсаулық сақтау саласына көңіл бөлініп келеді. Жаңадан ауруханалар мен емханалар, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен селолық амбулатория үйлері салынып, пайдалануға берілді. Бүгінде денсаулық сақтау саласы бойынша көптеген оң істер мен өркенді өзгерістерді атап айтуға болады. Еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда облысымызда адамдардың орташа өмір сүру жасы ұлғайды. Қазіргі уақытта «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырумен байланысты алдымызда жаңа міндеттер тұр. Біздің облыстық аурухана ең қуатты, жаңа диагностикалық құралдармен жабдықталған. Ал, дәрігерлеріміз әлемнің ең мықты клиникаларында тәжірибеден өтіп, біліктілігін көтеруде. Соңғы жылдардың өзінде біздің облыстық клиникалық ауруханада есімдері елге танымал ондаған атақты дәрігер мастер-класс өткізді. Мұның бәрі де медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың арқасы. Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың нәтижесінде алыстағы ауылдарда медициналық мекеме үйлері ашылып, қызмет көрсете бастады. Мұның бәрі бұрын белгіленген «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың жемісі. Біз бұл мақсатты орындау арқылы нарықтық экономикаға қабілетті күшті мемлекет құра білдік. Қоғамдық сананы өзгертіп, әлеуметтік мемлекеттің негізін қаладық. Бұл жағдай тек денсаулық сақтау саласынан ғана емес, еліміздің тұтастай экономикалық-әлеуметтік келбетінен көрінбек. Елбасы Н.Назарбаев Жолдауда атап өткендей, экономикалық жағынан күшті, тұрақтылығы басым мемлекетте ғана жыл сайын денсаулық сақтауға бөлінетін қаржы ұлғайтыла бермек. Егер 1999 жылы денсаулық сақтау саласына 46 миллиард теңге бөлінсе, 2011 жылы 631 миллиард теңге бөлінді. Біздің облыстық клиникалық аурухананың базасынан ерлер денсаулығы орталығы ашылып, жұмыс істеуде. Осы бағыттағы алдын алу және зерттеу жұмыстары қауіпті сырқаттарды алғашқы белгілерінен анықтап, ем қолдануға мүмкіндік беріп отыр. Яғни, Елбасы атап өткендей, біз медициналық қызметті жаңа деңгейге көтеру үшін қажетті шаралардың бәрін жасаудамыз. Сондай-ақ, еліміздің шалғай ауылдарын дәрігерлік қызметпен қамтитын көліктік медицина да жедел дамып келеді. Мұны біздің оңтүстік өңірінен де байқауға болады. Ондаған мың оңтүстікқазақстандық тегін және бағасы арзандатылған дәрі-дәрмектерді пайдалануда. Елбасы экономикалық-әлеуметтік дамудың жаңа бағыттарын белгілеп, алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Оларды жүзеге асыру өз қолымызда. Бүгінгі таңда қажырлы еңбек етіп, оқу оқып, қызмет атқарып жүрген миллиондаған қазақстандықтардың күш-жігерімен экономикасы дамыған, жалпыға ортақ еңбек қоғамы қалыптасқан күшті мемлекетті құра береміз деп ойлаймын. BAQ.kz  
21.12.2012 03:58 3712

Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы елімізді одан әрі өркендетудің ең басты жолдарын айқындап берді.Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға оңай тиген жоқ. Дегенмен, жаһандық экономикалық дағдарыс Еуропаның көптеген елдерін есеңгіретіп тастағанда, Қазақстан бұл қиындықтан Елбасының парасатты да дана басшылығы арқылы шығып келеді дейді ОҚО клиникалық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқан Егізбаев. 

«Бизнестің жол картасы» қалалар мен аудандарда жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты қысқартуға, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Денсаулық сақтау саласына көңіл бөлініп келеді. Жаңадан ауруханалар мен емханалар, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен селолық амбулатория үйлері салынып, пайдалануға берілді. Бүгінде денсаулық сақтау саласы бойынша көптеген оң істер мен өркенді өзгерістерді атап айтуға болады. Еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда облысымызда адамдардың орташа өмір сүру жасы ұлғайды. Қазіргі уақытта «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырумен байланысты алдымызда жаңа міндеттер тұр.
Біздің облыстық аурухана ең қуатты, жаңа диагностикалық құралдармен жабдықталған. Ал, дәрігерлеріміз әлемнің ең мықты клиникаларында тәжірибеден өтіп, біліктілігін көтеруде. Соңғы жылдардың өзінде біздің облыстық клиникалық ауруханада есімдері елге танымал ондаған атақты дәрігер мастер-класс өткізді. Мұның бәрі де медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың арқасы. Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың нәтижесінде алыстағы ауылдарда медициналық мекеме үйлері ашылып, қызмет көрсете бастады. Мұның бәрі бұрын белгіленген «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың жемісі. Біз бұл мақсатты орындау арқылы нарықтық экономикаға қабілетті күшті мемлекет құра білдік. Қоғамдық сананы өзгертіп, әлеуметтік мемлекеттің негізін қаладық. Бұл жағдай тек денсаулық сақтау саласынан ғана емес, еліміздің тұтастай экономикалық-әлеуметтік келбетінен көрінбек.
Елбасы Н.Назарбаев Жолдауда атап өткендей, экономикалық жағынан күшті, тұрақтылығы басым мемлекетте ғана жыл сайын денсаулық сақтауға бөлінетін қаржы ұлғайтыла бермек. Егер 1999 жылы денсаулық сақтау саласына 46 миллиард теңге бөлінсе, 2011 жылы 631 миллиард теңге бөлінді. Біздің облыстық клиникалық аурухананың базасынан ерлер денсаулығы орталығы ашылып, жұмыс істеуде. Осы бағыттағы алдын алу және зерттеу жұмыстары қауіпті сырқаттарды алғашқы белгілерінен анықтап, ем қолдануға мүмкіндік беріп отыр. Яғни, Елбасы атап өткендей, біз медициналық қызметті жаңа деңгейге көтеру үшін қажетті шаралардың бәрін жасаудамыз.
Сондай-ақ, еліміздің шалғай ауылдарын дәрігерлік қызметпен қамтитын көліктік медицина да жедел дамып келеді. Мұны біздің оңтүстік өңірінен де байқауға болады. Ондаған мың оңтүстікқазақстандық тегін және бағасы арзандатылған дәрі-дәрмектерді пайдалануда.
Елбасы экономикалық-әлеуметтік дамудың жаңа бағыттарын белгілеп, алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Оларды жүзеге асыру өз қолымызда. Бүгінгі таңда қажырлы еңбек етіп, оқу оқып, қызмет атқарып жүрген миллиондаған қазақстандықтардың күш-жігерімен экономикасы дамыған, жалпыға ортақ еңбек қоғамы қалыптасқан күшті мемлекетті құра береміз деп ойлаймын.

BAQ.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға