Жаңалықтар

Жыл үздіктері марапатталды

Тәуелсіздік тойы қарсаңында ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар саяси тұлғалар мен қоғам және мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етіп, әр саладағы үздіктерді атап өткен еді. Сондай-ақ Президент Жарлығымен Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай ел руханияты мен ақпарат саласына қосқан айрықша үлестері үшін бір топ азаматты арнайы құттықтады. Біз бүгін өнер мен мәдениетіміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ел еркелеріне ерекше тоқталғанды жөн көрдік. Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің про­фессоры, Домбыра кафед­расының меңгерушісі, күйші Жанғали Жүзбаев Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхам­медтің қолынан «Қазақстан Республикасының еңбек сі­ңірген қайраткері» құрметті атағын алды. Арқа, Қаратау күйлерін кө­зінің қарашығындай қорғап, жинап, насихаттаушы, шертпе күйдің шебері Жанғали Жүзбаев өткен жылы ердің жасы елуге толған болатын. «Атақ деген де ажал сияқты. Біреуге ерте, бі­реуге кеш келеді деген екен Шәмші Қалдаяқов. Сол кісі айтпақшы, мен де шәкіртте­ріммен бірге атақ алып жа­тыр­мын» деп әуелі күліп алған аға­мыз, әңгімесін әрі қарай жал­ғастырды. «Ешкімге өкпем жоқ. Мәдениет және ақпарат ми­нистрі Дархан Мыңбай менің өнерімді, еңбегімді бағалап, осы атаққа лайық деп ұсынған еді. Үлкен ризашылығымды білді­ремін, ел-жұртқа разымын» дейді күйші. Мұндай мәртебелі марапатқа көпшіліктің көзайымына ай­налған «МузАрт» тобының ән­шісі Мейрамбек Бесбаев та ие болды. Ел алдына бала жасынан бозторғайдай шырылдап шық­қан Мейрамбек жиырма жыл­дан астам уақыт сахнада тер төгіп келеді. Оның аттай он жылы «МузАРТ» ансамблінің арбасын өрге сүйреумен өтке­ні белгілі. Бұдан бөлек, домбы­раның құлағында еркін ой­най­тын әнші продюсер ретінде «Тарту» тобын қолға алып, ая­ғынан тұрғызды. Сондай-ақ тоқсаныншы жылдардың басында белгілі режиссер Қа­нымбек Қасымбеков түсір­ген «Қоштасқым келмейді», был­тырғы жылы продюсер Баян Есентаева түсірген «Ғашық жүрек» фильмдеріне түсіп, ак­терлық қырынан танылды. «Сегіз қырлы, бір сырлы» өнер­пазға бір кездері «Халық артисі» атағын беру туралы ұсыныс та көтерілген еді. Бірақ бұл бас­тамаға берер жыл бұрын «Мә­дениет қайраткері» атағын берумен нүкте қойылған-тын. Енді міне, халықтың тілегі орын­далып, жоғары награ­да­лардың бірімен марапаттал­­ған Мейрамбектің мерейі тағы бір өсіп, абыройы аспандап отыр. Халықаралық және рес­публикалық байқаулардың лауреаты, бал бармақ күйші Нұркен Әшіров те Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың қолынан «Қа­зақ­стан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» ата­ғын алып, қуанышқа бөленді. Есте­ріңізге сала кетсек, Нұркен - Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев­тың әдебиет пен өнер саласын дамытуға айрықша үлес қосып жүрген жастарға тағайындай­тын Мемлекеттік стипендия иегері. Қазақтың күйшілік мектебін бүге-шігесіне дейін тұтас білетіндігімен ерекше­ленеді. Бүгінгі таңда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы. Сондай-ақ А.Жұбанов атындағы респуб­ликалық қазақ орта музыка мектеп-интернатының білікті ұстазы. Мейрамбек Бесбаев жетекшілік ететін «Тарту» то­бының мүшесі. Домбыраны білекпен емес, жүрекпен тар­татын күйші биылғы жылы Жамбыл атындағы мемлекет­тік филармонияда шығармашы-­лық кеш өткізіп, қырғыз қызы Перизат Ибраевамен күй тар­тыс­қан еді. Қомыз бен дом­бырада қатар ойнап, нағыз ше­берліктің үл­гісін көрсетіп, көпшілікті тәнті еткен. - Жаһандану заманында дүниенің дүрмегіне ілесіп жұ­тылып кетпей, ұлттық құнды­лық­тарымызды жоғалтып ал-­мау мақсатында мемлекет тара­пы­нан көптеген іс-шаралар қол­ға алынды. Тіл, дін мәселесі бол­сын, ән-күйімізге болсын, ай­рықша көңіл бөлініп, билік­тің назарынан тыс қалған емес. Соның ішінде күй өнерін да­мыту үшін «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» сияқты жобалар қолға алынып, көптеген жоға­ры деңгейлі концерттер, бағдар­ламалар жүзеге асырылды. Бұл игілікті істерді атқаруға жас­тар­ға да мүмкіндік беріліп, кәсіби шеберлігімізді шыңдауға, ізденуге жағдай жасалынды. Қазақтың қара домбырасын асынып, шетелдерде өнер көрсетуге жол ашылды. Мұның барлығы Елбасының кемеңгер саясатының арқасы, Тәуел­сіздіктің жемісі деп білемін. Кішкентай ғана еңбегіміз еле­ніп, үлкен дәрежеге лайық деп танылып жатқаны - мен үшін үлкен мәртебе. Ел ағаларының барлығына шынайы алғысым­ды айтқым келеді. Менің жасым қазір бар болғаны 28-де. Ха­лыққа бергенімнен, берерім көп. Осы жолда бұл атақтың маған үлкен шабыт, серпін берері сөзсіз. Елбасының, ха­лықтың, тыңдарманның сенімін ақтауға тырысамыз. Қара дом­бырам қолдан түскенше ұлттық өнерімізге қызмет етемін деп уәде беремін! - дейді Нұркен Әшіров. Жас әнші Дилназ Ахмадие­ва, Қазақ Ұлттық өнер универ­си­теті қобыз және орыс халық аспаптар кафедрасының мең­герушісі Әлқуат Қазақбаев, республикалық-халықаралық байқаулардың лауреаты, К.Бай­сейітова атындағы Ұлттық опе­ра және балет театрының со­-лисі Жан Тапин, Астана қала­сы Мемлекеттік филар­мония­сының классикалық және эстрадалық вокал бөлі­мінің жеке орындаушысы, Халық­аралық байқаулардың лауреаты Бибігүл Жанұзақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрлігінің ән-би ан­сам­блінің балетмейстері Эльмира Бақ­қали, К.Байсе­йітова атында­ғы опера және балет театрының балет солисі Рүстем Сейітбе­ков, респуб­ликалық конкурстар­­дың лау­реа­ты Ерболат Мұстафаев та - ендігі жерде «Қазақстан Рес­публи­касының еңбек сіңірген қайраткерлері». Біз барлық қуаныш иелерін шын жүректен құттықтап, шы­ғар­машылық табыс тілейміз!   Бетті дайындаған Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ, Айқын
20.12.2012 09:35 3936

Тәуелсіздік тойы қарсаңында ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар саяси тұлғалар мен қоғам және мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етіп, әр саладағы үздіктерді атап өткен еді. Сондай-ақ Президент Жарлығымен Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай ел руханияты мен ақпарат саласына қосқан айрықша үлестері үшін бір топ азаматты арнайы құттықтады. Біз бүгін өнер мен мәдениетіміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ел еркелеріне ерекше тоқталғанды жөн көрдік.

Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің про­фессоры, Домбыра кафед­расының меңгерушісі, күйші Жанғали Жүзбаев Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхам­медтің қолынан «Қазақстан Республикасының еңбек сі­ңірген қайраткері» құрметті атағын алды.
Арқа, Қаратау күйлерін кө­зінің қарашығындай қорғап, жинап, насихаттаушы, шертпе күйдің шебері Жанғали Жүзбаев өткен жылы ердің жасы елуге толған болатын. «Атақ деген де ажал сияқты. Біреуге ерте, бі­реуге кеш келеді деген екен Шәмші Қалдаяқов. Сол кісі айтпақшы, мен де шәкіртте­ріммен бірге атақ алып жа­тыр­мын» деп әуелі күліп алған аға­мыз, әңгімесін әрі қарай жал­ғастырды. «Ешкімге өкпем жоқ. Мәдениет және ақпарат ми­нистрі Дархан Мыңбай менің өнерімді, еңбегімді бағалап, осы атаққа лайық деп ұсынған еді. Үлкен ризашылығымды білді­ремін, ел-жұртқа разымын» дейді күйші.
Мұндай мәртебелі марапатқа көпшіліктің көзайымына ай­налған «МузАрт» тобының ән­шісі Мейрамбек Бесбаев та ие болды.
Ел алдына бала жасынан бозторғайдай шырылдап шық­қан Мейрамбек жиырма жыл­дан астам уақыт сахнада тер төгіп келеді. Оның аттай он жылы «МузАРТ» ансамблінің арбасын өрге сүйреумен өтке­ні белгілі. Бұдан бөлек, домбы­раның құлағында еркін ой­най­тын әнші продюсер ретінде «Тарту» тобын қолға алып, ая­ғынан тұрғызды. Сондай-ақ тоқсаныншы жылдардың басында белгілі режиссер Қа­нымбек Қасымбеков түсір­ген «Қоштасқым келмейді», был­тырғы жылы продюсер Баян Есентаева түсірген «Ғашық жүрек» фильмдеріне түсіп, ак­терлық қырынан танылды. «Сегіз қырлы, бір сырлы» өнер­пазға бір кездері «Халық артисі» атағын беру туралы ұсыныс та көтерілген еді. Бірақ бұл бас­тамаға берер жыл бұрын «Мә­дениет қайраткері» атағын берумен нүкте қойылған-тын. Енді міне, халықтың тілегі орын­далып, жоғары награ­да­лардың бірімен марапаттал­­ған Мейрамбектің мерейі тағы бір өсіп, абыройы аспандап отыр.
Халықаралық және рес­публикалық байқаулардың лауреаты, бал бармақ күйші Нұркен Әшіров те Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың қолынан «Қа­зақ­стан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» ата­ғын алып, қуанышқа бөленді. Есте­ріңізге сала кетсек, Нұркен - Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев­тың әдебиет пен өнер саласын дамытуға айрықша үлес қосып жүрген жастарға тағайындай­тын Мемлекеттік стипендия иегері. Қазақтың күйшілік мектебін бүге-шігесіне дейін тұтас білетіндігімен ерекше­ленеді. Бүгінгі таңда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы. Сондай-ақ
А.Жұбанов атындағы респуб­ликалық қазақ орта музыка мектеп-интернатының білікті ұстазы. Мейрамбек Бесбаев жетекшілік ететін «Тарту» то­бының мүшесі. Домбыраны білекпен емес, жүрекпен тар­татын күйші биылғы жылы Жамбыл атындағы мемлекет­тік филармонияда шығармашы-­лық кеш өткізіп, қырғыз қызы Перизат Ибраевамен күй тар­тыс­қан еді. Қомыз бен дом­бырада қатар ойнап, нағыз ше­берліктің үл­гісін көрсетіп, көпшілікті тәнті еткен.
- Жаһандану заманында дүниенің дүрмегіне ілесіп жұ­тылып кетпей, ұлттық құнды­лық­тарымызды жоғалтып ал-­мау мақсатында мемлекет тара­пы­нан көптеген іс-шаралар қол­ға алынды. Тіл, дін мәселесі бол­сын, ән-күйімізге болсын, ай­рықша көңіл бөлініп, билік­тің назарынан тыс қалған емес. Соның ішінде күй өнерін да­мыту үшін «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» сияқты жобалар қолға алынып, көптеген жоға­ры деңгейлі концерттер, бағдар­ламалар жүзеге асырылды. Бұл игілікті істерді атқаруға жас­тар­ға да мүмкіндік беріліп, кәсіби шеберлігімізді шыңдауға, ізденуге жағдай жасалынды. Қазақтың қара домбырасын асынып, шетелдерде өнер көрсетуге жол ашылды. Мұның барлығы Елбасының кемеңгер саясатының арқасы, Тәуел­сіздіктің жемісі деп білемін. Кішкентай ғана еңбегіміз еле­ніп, үлкен дәрежеге лайық деп танылып жатқаны - мен үшін үлкен мәртебе. Ел ағаларының барлығына шынайы алғысым­ды айтқым келеді. Менің жасым қазір бар болғаны 28-де. Ха­лыққа бергенімнен, берерім көп. Осы жолда бұл атақтың маған үлкен шабыт, серпін берері сөзсіз. Елбасының, ха­лықтың, тыңдарманның сенімін ақтауға тырысамыз. Қара дом­бырам қолдан түскенше ұлттық өнерімізге қызмет етемін деп уәде беремін! - дейді Нұркен Әшіров.
Жас әнші Дилназ Ахмадие­ва, Қазақ Ұлттық өнер универ­си­теті қобыз және орыс халық аспаптар кафедрасының мең­герушісі Әлқуат Қазақбаев, республикалық-халықаралық байқаулардың лауреаты, К.Бай­сейітова атындағы Ұлттық опе­ра және балет театрының со­-лисі Жан Тапин, Астана қала­сы Мемлекеттік филар­мония­сының классикалық және эстрадалық вокал бөлі­мінің жеке орындаушысы, Халық­аралық байқаулардың лауреаты Бибігүл Жанұзақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрлігінің ән-би ан­сам­блінің балетмейстері Эльмира Бақ­қали, К.Байсе­йітова атында­ғы опера және балет театрының балет солисі Рүстем Сейітбе­ков, респуб­ликалық конкурстар­­дың лау­реа­ты Ерболат Мұстафаев
та - ендігі жерде «Қазақстан Рес­публи­касының еңбек сіңірген қайраткерлері». Біз барлық қуаныш иелерін шын жүректен құттықтап, шы­ғар­машылық табыс тілейміз!
 
Бетті дайындаған Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ, Айқын
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға