Жаңалықтар

АҚШ-та қазақ мектебі ашылды

Осындайда Ресей Федерациясы аумағында 800 мыңға тарта қазақ тұрса да, оған қанша жыл жалынып жүріп әр аймақтан бір-бірден мектеп аштыра алмағанымыздың азабы еске түседі. "Кедендік одақ", "Еуразиялық одақ" дегенде жылмаң қағатын "құдайы көршіміз" мұхиттың арғы бетіндегі, алыстағы АҚШ-тан осындайда бір үлгі алып қойса нетті. 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Техас штаты, Хьюстон қаласында АҚШ-тағы алғашқы қазақ мектебінің ресми ашылуы өтті. ҚР Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мектеп Хьюстонда тұрып жатқан отандастарымыздың күшімен, ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен ашылды. Мектеп ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастады, бірақ оның ресми ашылуы еліміздің басты мерекесіне орайластырылды. Бүгінгі күні мектепте шамамен 20 оқушы білім алады, олар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінген. 3-6 жас аралығындағы балалар "Балапан" тобында, ал 7-12 жас аралығындағылар "Тұлпар" тобында. Сабақтар жексенбі күні толығымен жабдықталған сыныптарда өтеді, онда оқушылар "Әліппе" мен қазақ тіліндегі өлеңдерді, мақал-мәтелдерді оқиды, халық әндерін және билерін үйренеді. NUR.kz  
20.12.2012 09:15 3106

Осындайда Ресей Федерациясы аумағында 800 мыңға тарта қазақ тұрса да, оған қанша жыл жалынып жүріп әр аймақтан бір-бірден мектеп аштыра алмағанымыздың азабы еске түседі. "Кедендік одақ", "Еуразиялық одақ" дегенде жылмаң қағатын "құдайы көршіміз" мұхиттың арғы бетіндегі, алыстағы АҚШ-тан осындайда бір үлгі алып қойса нетті. 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Техас штаты, Хьюстон қаласында АҚШ-тағы алғашқы қазақ мектебінің ресми ашылуы өтті.

ҚР Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мектеп Хьюстонда тұрып жатқан отандастарымыздың күшімен, ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен ашылды.

Мектеп ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастады, бірақ оның ресми ашылуы еліміздің басты мерекесіне орайластырылды.

Бүгінгі күні мектепте шамамен 20 оқушы білім алады, олар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінген. 3-6 жас аралығындағы балалар "Балапан" тобында, ал 7-12 жас аралығындағылар "Тұлпар" тобында. Сабақтар жексенбі күні толығымен жабдықталған сыныптарда өтеді, онда оқушылар "Әліппе" мен қазақ тіліндегі өлеңдерді, мақал-мәтелдерді оқиды, халық әндерін және билерін үйренеді.

NUR.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға