Жаңалықтар

«Қазақстан-2050» стратегиясының» арқасында Қазақстан жоғары дамыған елге айналады

Еліміздің 2050 жылға дейін даму Стратегиясын жүзеге асыру арқасында Қазақстан қарқынды дамыған және икемді экономикасы, берік және тұрақты валюта-ақша жүйесі, даму деңгейі жоғары елге айналады. Мемлекет басында зияткер ұлт болады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында саясаттанушы Алмат Жақыбеков айтып берді. «Бірінші кезекте, мен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы – бұл біз кім екенімізді, қайда баратынымызды және 2050 жылығы неге қол жеткізетінімізді анықтайтын іргелі ойластырылған және әмбебап стратегиялық құжат екенін айтқым келеді. Елбасымыздың парасатты және қырағы саясатының арқасында қазақстандықтар ертеңгі күніне сенімді, және халыққа Жолдау сияқты бағдарламалық құжат Қазақстанның бірнеше жыл алға дамуының жоспары болып табылады», - дейді Жақыбеков. Ол Президент жыл сайынғы Жолдауын еліміздің басты мейрамы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында жолдағаны өте символикалық екенін атап айтты. «Елбасының елімізді дамыту жөніндегі «Қазақстан-2050» стратегиясы – бұл бірегей, сонымен қатар, әр қазақстандықтың түсінуі үшін өте қолжетімді құжат, ол ұзақ мерзімді уақытқа еліміздің даму басымдықтарын анықтайды. Әлемде бір де бір Президент біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы сияқты уақыт шегінен болашақты соншалықты терең әрі анық көруге қабілетті емес, сондықтан біз, қазақстандықтар, Елбасымыздың жоғары сенімін ақтап, оның алдымызға қойған барлық тапсырмаларын жүзеге асыруымыз керек», - деді саясаттанушы. «Стратегия -2050» - бұл Қазақстанның 2050 жылға дейін өрлеуінің жол картасы. Елбасы Н.Ә. Назарбаев мемлекетті дамытудың дұрыс жолын көрсетті, және біз егемен қазақстанның тұрғындары осы бағдарламалық құжаттағы идеяларды іске асыруымыз керек», - деп қорытындылады ол.
20.12.2012 04:37 3136

Еліміздің 2050 жылға дейін даму Стратегиясын жүзеге асыру арқасында Қазақстан қарқынды дамыған және икемді экономикасы, берік және тұрақты валюта-ақша жүйесі, даму деңгейі жоғары елге айналады. Мемлекет басында зияткер ұлт болады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында саясаттанушы Алмат Жақыбеков айтып берді.

«Бірінші кезекте, мен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы – бұл біз кім екенімізді, қайда баратынымызды және 2050 жылығы неге қол жеткізетінімізді анықтайтын іргелі ойластырылған және әмбебап стратегиялық құжат екенін айтқым келеді. Елбасымыздың парасатты және қырағы саясатының арқасында қазақстандықтар ертеңгі күніне сенімді, және халыққа Жолдау сияқты бағдарламалық құжат Қазақстанның бірнеше жыл алға дамуының жоспары болып табылады», - дейді Жақыбеков.

Ол Президент жыл сайынғы Жолдауын еліміздің басты мейрамы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында жолдағаны өте символикалық екенін атап айтты.

«Елбасының елімізді дамыту жөніндегі «Қазақстан-2050» стратегиясы – бұл бірегей, сонымен қатар, әр қазақстандықтың түсінуі үшін өте қолжетімді құжат, ол ұзақ мерзімді уақытқа еліміздің даму басымдықтарын анықтайды. Әлемде бір де бір Президент біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы сияқты уақыт шегінен болашақты соншалықты терең әрі анық көруге қабілетті емес, сондықтан біз, қазақстандықтар, Елбасымыздың жоғары сенімін ақтап, оның алдымызға қойған барлық тапсырмаларын жүзеге асыруымыз керек», - деді саясаттанушы.

«Стратегия -2050» - бұл Қазақстанның 2050 жылға дейін өрлеуінің жол картасы. Елбасы Н.Ә. Назарбаев мемлекетті дамытудың дұрыс жолын көрсетті, және біз егемен қазақстанның тұрғындары осы бағдарламалық құжаттағы идеяларды іске асыруымыз керек», - деп қорытындылады ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға