Жаңалықтар

Елбасы Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту мәселесі – ұлт саулығының кепілі – «В

Елбасының биылғы Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз етеді, деп мәлімдеді Алматы облыстық «Вайнах» шешен-ингуш мәдени-қоғамдық бірлестігінің өкілі, «Заман» шешен халқының мәдени мұрасын қолдау қорының өкілі, облыстық «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары Атсалым Идигов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында.   «Елбасы биылғы Жолдауында халықтың денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы біршама жақсы ой айтты. Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты», - деді Атсалым Идигов. Сарапшының мәлімдеуінше, биылғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында 2050 жылға дейін еліміздің даму бағыты мен мақсаттары айқындалды. Әсіресе, бүгінгі күннің өте өзекті мәселелерінің бірі ұлт саулығы мәселесін шешудің нақты қадамдары мен жолдары көрсетілген. «Шынымен де, егер біз олимпиада чемпиондарын тәрбиелегіміз келсе, бірінші кезекте жергілікті билік органдарын бұқаралық спортты жан-жақты дамытуға мәжбүрлеу керек. Олимпиада чемпиондары қажет. Бірақ, бұқаралық спорт одан да маңызды. Ұлт саулығы – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды мәселе. Өйткені, егер, біз жастардың спортпен айналысуына жағдай жасасақ, онда жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайып, темекі шегу, нашақорлық сияқты бірнеше проблемаларды түбірімен жоюға мүмкіндік туар еді. Елбасы болашақ жастарымыздың саулығын әріден ойлап, бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын өте жақсы ескертіп отыр», - деді А.Идигов.
19.12.2012 08:11 7185

Елбасының биылғы Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз етеді, деп мәлімдеді Алматы облыстық «Вайнах» шешен-ингуш мәдени-қоғамдық бірлестігінің өкілі, «Заман» шешен халқының мәдени мұрасын қолдау қорының өкілі, облыстық «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары Атсалым Идигов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында.  

«Елбасы биылғы Жолдауында халықтың денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы біршама жақсы ой айтты. Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты», - деді Атсалым Идигов.

Сарапшының мәлімдеуінше, биылғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында 2050 жылға дейін еліміздің даму бағыты мен мақсаттары айқындалды. Әсіресе, бүгінгі күннің өте өзекті мәселелерінің бірі ұлт саулығы мәселесін шешудің нақты қадамдары мен жолдары көрсетілген.

«Шынымен де, егер біз олимпиада чемпиондарын тәрбиелегіміз келсе, бірінші кезекте жергілікті билік органдарын бұқаралық спортты жан-жақты дамытуға мәжбүрлеу керек. Олимпиада чемпиондары қажет. Бірақ, бұқаралық спорт одан да маңызды. Ұлт саулығы – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды мәселе. Өйткені, егер, біз жастардың спортпен айналысуына жағдай жасасақ, онда жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайып, темекі шегу, нашақорлық сияқты бірнеше проблемаларды түбірімен жоюға мүмкіндік туар еді. Елбасы болашақ жастарымыздың саулығын әріден ойлап, бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын өте жақсы ескертіп отыр», - деді А.Идигов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға