Қазақстандықтар «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға дайын – облыстық ұйғы
Қазақстандықтар Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жүзеге асыруға дайын. Бұл жөнінде Алматы облысы облыстық ұйғыр мәдени орталығының төрайымы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Талдықорған қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Әсия Ахметова BNews.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді.
«Өзім үшін мен Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында жетінші бағытты атап айтар едім – бұл патриоттық тәрбие, және ең алдымен, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы атап айтқандай, бейбітшілік және тұрақтылық. Ең бастысы, Қазақстан халықтарының арасында жалпыға ортақ толеранттылық болуы қажет. Қазақтар барлығы үшін үлгі болуы керек», - дейді Әсия Ахметова.
Облыстық ұйғыр мәдени орталығы төрайымының айтуынша, Елбасы қозғаған гендерлік саясат туралы мәселе жас мемлекет үшін маңызды әрі өзекті болып табылады.
«Біз әйелдер саны құрметті лауазымдарда ғана емес, саясатта да көбейгендігін атап өтуіміз керек. Бірақ, алайда, олардың саны 50 %-ға жетпейді. Мұнда әйелдер оған өздері ұмтылуы керек. Бұл үшін Нұрсұлтан Әбішұлы бар жағдайды жасап отыр», - дейді Ә.Ахметова.
Оның айтуынша, экономикалық тұрақты және берік Қазақстанды құруда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарады.
Өз сөзінде Әсия Ахметова салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды, сондай-ақ барлық мәдениеттердің өзара сабақтастығын сақтау қажеттілігін атап өтті.
«Барлық мәдениеттердің өзара сабақтастығын сақтай отырып, біз қазақ жаласының тұрмыс-салтын қорғап, сақтайтын боламыз»,- дейді облыстық ұйғыр мәдени орталығының төрайымы.
«Өз Жолдауында Президент жастарға, әсіресе қорытынды бөлімінде, аға буынның рөліне қатысты баса назар аударды. Қазақстанға оқыған, дайын, сауатты жас мамандар қажет. Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету қажет. Егер ол бірін-бірі алмастыратын болса, біздің еліміз «ЕХРО-2017» ғана емес, басқа да шараларды жүзеге асыруға дайын болады», - деп атап айтты Ә.Ахметова.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Талдықорған қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары өз сөзін «Қазақстан-2030» даму бағдарламасын қорытындылаумен аяқтады.
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бағдарламасында жоғарғы планкасын алып отырмыз, себебі біз, Президент айтқандай, тұрақты экономикасы, саясаты бар, бүкіл әлемде мойындалған елміз. «Қазақстан-2030» бағдарламасын еркін орындап, біз халық «Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асыруға дайын деп айта аламыз. Күн сайын халықпен кездесе жүріп, мен бір қорытындыға келдім. Халық ұсақ және тұрмыстық мәселелерден алшақтап, жоғарғы планкаға ұмтылуда, саяси белсенділік танытуда, азаматтық ұстаным анағұрлым белсенді, айқын»,- деп қорытындылады Ә.Ахметова.
«Экономикалық және саяси тұрақтылықтың арқасында, біз аяғымызда нық тұрмыз. Халық толығымен қамтылған. Қазір біз руханилық туралы сөз етудеміз, бұл Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын «Астана опера» ғимаратында өткізуінен де байқалады. «Қазақстан-2050» бағдарламасы – бұл жай сөздер емес. Бұл үшін алғышарттар бар. Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткен, он тармақ азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Бұның бәрі өз халқының қамын ойлауды білдіреді. Біздің міндетіміз – уақытқа сәйкес өмір сүру, өз жұмыс орнына жауапкершілік сезімін сезіну болып табылады», -деді Әсия Ахметова.