Жаңалықтар

«Стратегия – 2050» «жасыл» экономика стратегиясымен үндес – Қапп

Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған «Қазақстан – 2050» жаңа стратегиясы «жасыл» экономика стратегиясымен үндес. Бұл жөнінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров BNews.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді. «Жолдауда ҚОҚМ-ға қатысты көптеген мәселелер айтылды. «Жасыл» экономика тақырыбы қазір өзекті боп тұр, Жолдауда айтылғандардың барлығы бойынша жұмыс жасаймыз», – деді Н.Қаппаров. Министр атап өткендей, Президент өз Жолдауында айтқан мәслелердің барлығы уақыт көшіне дәл келеді. «2050 жылға дейінгі болжам – өте дұрыс. Біз жұмыс жасаудамыз және «жасыл» экономика жайында аз айтылып жатқан жоқ. Президенттің тапсырмасы бойынша ол 2050 стратегиясымен үндесіп, оның бір айнымас бөлігіне айналады. Сондықтан біз оны келер жылдың ортасына дейін аяқтау керекпіз. Егер оны қабылдаса, ол жүзеге асырыла бастайды және 2030 жылға дейін сатылай іске асатын болмақ. Біз жасап жатқан жұмыстардың барлығы Мемлекет басшысы айтқан мәселелермен үндес», – деп атап өтті ҚОҚМ министрі Нұрлан Қаппаров. Еске сала кетсек, 2012 жылғы 22 қарашада Астана ЕХРО–2017 көрмесінің иесі атанды. Дауыс беру нәтижесі Парижде ЕХРО Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 152-сессиясы аясында анық болды. Астана өтінімі баламалы энергия көздерін пайдалану мен «жасыл» экономикаға арналған «Болашақтың энергиясы» деп аталды. Күні кеше Астанада «Астана Опера» жаңа опера және балет театрында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында ел Президенті «Қазақстан – 2030» Стратегиясының іске асуын қорытындылады және Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын арнады. Мемлекет басшысы өз сөзінде 2050 жылға дейін мемлекет қол жеткізуі тиіс басты мақсат – күшті мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктері негізінде берекелі қоғам құру екенін атап өтті. Мемлекет басшысының сөз сөйлеуі кезінде салтанатты жиынға қатысқан саясаткерлер, мәдениет пен өнер саласының танымал қайраткерлері, спортшылар мен жастар 56 рет қол шапалақтады.
17.12.2012 07:42 4036

Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған «Қазақстан – 2050» жаңа стратегиясы «жасыл» экономика стратегиясымен үндес. Бұл жөнінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров BNews.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.

«Жолдауда ҚОҚМ-ға қатысты көптеген мәселелер айтылды. «Жасыл» экономика тақырыбы қазір өзекті боп тұр, Жолдауда айтылғандардың барлығы бойынша жұмыс жасаймыз», – деді Н.Қаппаров.

Министр атап өткендей, Президент өз Жолдауында айтқан мәслелердің барлығы уақыт көшіне дәл келеді.

«2050 жылға дейінгі болжам – өте дұрыс. Біз жұмыс жасаудамыз және «жасыл» экономика жайында аз айтылып жатқан жоқ. Президенттің тапсырмасы бойынша ол 2050 стратегиясымен үндесіп, оның бір айнымас бөлігіне айналады. Сондықтан біз оны келер жылдың ортасына дейін аяқтау керекпіз. Егер оны қабылдаса, ол жүзеге асырыла бастайды және 2030 жылға дейін сатылай іске асатын болмақ. Біз жасап жатқан жұмыстардың барлығы Мемлекет басшысы айтқан мәселелермен үндес», – деп атап өтті ҚОҚМ министрі Нұрлан Қаппаров.

Еске сала кетсек, 2012 жылғы 22 қарашада Астана ЕХРО–2017 көрмесінің иесі атанды. Дауыс беру нәтижесі Парижде ЕХРО Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 152-сессиясы аясында анық болды.

Астана өтінімі баламалы энергия көздерін пайдалану мен «жасыл» экономикаға арналған «Болашақтың энергиясы» деп аталды.

Күні кеше Астанада «Астана Опера» жаңа опера және балет театрында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиында ел Президенті «Қазақстан – 2030» Стратегиясының іске асуын қорытындылады және Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын арнады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде 2050 жылға дейін мемлекет қол жеткізуі тиіс басты мақсат – күшті мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктері негізінде берекелі қоғам құру екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының сөз сөйлеуі кезінде салтанатты жиынға қатысқан саясаткерлер, мәдениет пен өнер саласының танымал қайраткерлері, спортшылар мен жастар 56 рет қол шапалақтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға