В.Путин Н.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл жөнінде РФ Президентінің ресми сайтында хабарланған.
Құттықтау жеделхатында Ресей мемлекетінің басшысы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени және ғылыми-техникалық саладағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, елдің өңірлік және жаһандық мәселелерді шешудегі сындарлы рөлін ерекше атап өтті.
В.Путин Ресей-Қазақстан стратегиялық ынтымақтастығы дамуының оң өрісін, сондай-ақ, екі елдің мүдделеріндегі Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік, ЕурАзЭҚ, ТМД және өзге де көпжақты құрылым аясындағы саяси диалог пен тәжірибелік өзара іс-әрекеттің қарқындылығын атап өтті.
Дереккөзі: www.bnews.kz
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

