А.Лукашенко Н.Назарбаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Белоруссия Президенті Александр Лукашенко белорус халқының тарапынан және жеке өз атынан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл жөнінде Белоруссия басшысының ресми сайтында хабарланаған.
Құттықтауда тәуелсіз даму жылдарында Қазақстан экономика саласында, мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде таң қаларлық нәтижелерге қол жеткізгені, халықаралық аренада мызғымас беделге ие болғаны айтылған.
Александр Лукашенко Белоруссия мен Қазақстан арасындағы өзара сыйластық пен сенімге негізделген стратегиялық серіктестік қарым-қатынастар екі елдің игілігі үшін алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.
BNews.kz