Жаңалықтар

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясы жастарға арналып отыр – депутат

Ұзақ мерзімді қамтитын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясы болашаққа, жас ұрпақ пен жастарға арналып отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов мәлім етті. Мемлекет басшысының бүгінгі жиында сөйлеген сөзі еліміздегі саяси күштердің, барлық қазақстандықтардың, сондай-ақ, болашақ ұрпақтың дүние танымын өзгертуге ықпал ететін аса маңызды баяндама болды. Бұған дейін мемлекетіміз аяғынан тұрды, елімізді бүкіл әлем мойындады. Мәселе, болдық, толдық деп тоқтап қалуда емес, бар мәселе – болашақта дамуымызда жатыр. Өйткені, Елбасымыз атап өткендей, алдағы кезеңдерде әлемде өте үлкен өзгерістер болмақ. Сол өзгерістердің соңында қалып қоймай, алдында жүру және сол өзгерістерді бөтен біреуден күтіп отырмай, Қазақстанның өзі жасау жағы баса айтылды. Ол үшін қазақстандықтардың, сондай-ақ қазақ халқын бәсекелестікке қабілетті болуға тәрбиелеу және қалыптастыру қажет. Ұзақ мерзімді қамтитын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясы болашаққа, жас ұрпақ пен жастарға арналып отыр. Оның жүзеге асырылуы барлығымызға қатысты. Сол себепті де одан ешкім тыс қалмауы керек. BNews.kz
15.12.2012 14:28 3124

Ұзақ мерзімді қамтитын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясы болашаққа, жас ұрпақ пен жастарға арналып отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов мәлім етті.

Мемлекет басшысының бүгінгі жиында сөйлеген сөзі еліміздегі саяси күштердің, барлық қазақстандықтардың, сондай-ақ, болашақ ұрпақтың дүние танымын өзгертуге ықпал ететін аса маңызды баяндама болды. Бұған дейін мемлекетіміз аяғынан тұрды, елімізді бүкіл әлем мойындады.

Мәселе, болдық, толдық деп тоқтап қалуда емес, бар мәселе – болашақта дамуымызда жатыр. Өйткені, Елбасымыз атап өткендей, алдағы кезеңдерде әлемде өте үлкен өзгерістер болмақ. Сол өзгерістердің соңында қалып қоймай, алдында жүру және сол өзгерістерді бөтен біреуден күтіп отырмай, Қазақстанның өзі жасау жағы баса айтылды.

Ол үшін қазақстандықтардың, сондай-ақ қазақ халқын бәсекелестікке қабілетті болуға тәрбиелеу және қалыптастыру қажет. Ұзақ мерзімді қамтитын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясы болашаққа, жас ұрпақ пен жастарға арналып отыр. Оның жүзеге асырылуы барлығымызға қатысты. Сол себепті де одан ешкім тыс қалмауы керек.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға