Жаңалықтар

Елордадағы мұз қалашығы балалардың думанына айналмақ

Астаналық балақайлар желмен жарысып, сырғанақ теуіп, дене шынықтыруға дайын болса, Ғажайып есімді мына азамат мұздан жасалған тамаша мүсіндерімен балаларды қуантуға дайын. Елорданың Алматы ауданына қарасты Ақбұлақ су арнасы маңында жалпы аумағы 26 000 шаршы метрді құрайтын мұз айдыны, 4 тамақтанатын орын мен сақ дәуірін бейнелейтін 28 мүсін тұрғызылады. Ғажайып Сыздықов, мұздан мүсін жасайтын шебер: Мұзбен жұмыс істеу қиын емес, бірақ оның салмағы ауырлау. Оған қоса, ауа райы да суық болып кетті. Атап айтсақ, мұздан «Алтай мәдениеті», «Арғымақ», «Ежелгі түрік жауынгері», «Саятшы», «Құс бегі» сынды мүсіндер қаланады. Мамандар бүгінде аяздың бетті қарығанына қарамастан су мен қарды араластырып, мұз қалашығын тұрғызуда. Ғажайып Сыздықов, мұздан мүсін жасайтын шебер: Мұздың астын, үстін тегістеп, қырын шығарып алғаннан кейін қар салып, су құйып мұзды бір-біріне жабыстырамыз. Ал, артық жерін балтамен шауып, жан-жағын тегістейміз. Ерік Токмурзин, «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: Сырғанаққа жартылай карбонатты қоршаулар орнатылады. Бұл арқылы кез келген ата-ана баласын бақылауда ұстайды. Ал, орнатылған мүсіндер толықтай жарықтандырылады. Мүсін жасауға арналған мұздың бір бөлшегі 25-30 кг тартады. Ал, кем дегенде бір мүсін қалауға 3-4 күн кетеді. Осылайша игі дәстүр бойынша биыл да мұз қалашығы қала қонақтары мен тұрғындарының қуанышына айналмақ. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
15.12.2012 13:09 3919

Астаналық балақайлар желмен жарысып, сырғанақ теуіп, дене шынықтыруға дайын болса, Ғажайып есімді мына азамат мұздан жасалған тамаша мүсіндерімен балаларды қуантуға дайын. Елорданың Алматы ауданына қарасты Ақбұлақ су арнасы маңында жалпы аумағы 26 000 шаршы метрді құрайтын мұз айдыны, 4 тамақтанатын орын мен сақ дәуірін бейнелейтін 28 мүсін тұрғызылады. Ғажайып Сыздықов, мұздан мүсін жасайтын шебер:
Мұзбен жұмыс істеу қиын емес, бірақ оның салмағы ауырлау. Оған қоса, ауа райы да суық болып кетті.

Атап айтсақ, мұздан «Алтай мәдениеті», «Арғымақ», «Ежелгі түрік жауынгері», «Саятшы», «Құс бегі» сынды мүсіндер қаланады. Мамандар бүгінде аяздың бетті қарығанына қарамастан су мен қарды араластырып, мұз қалашығын тұрғызуда.

Ғажайып Сыздықов, мұздан мүсін жасайтын шебер:

Мұздың астын, үстін тегістеп, қырын шығарып алғаннан кейін қар салып, су құйып мұзды бір-біріне жабыстырамыз. Ал, артық жерін балтамен шауып, жан-жағын тегістейміз.

Ерік Токмурзин, «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Сырғанаққа жартылай карбонатты қоршаулар орнатылады. Бұл арқылы кез келген ата-ана баласын бақылауда ұстайды. Ал, орнатылған мүсіндер толықтай жарықтандырылады.

Мүсін жасауға арналған мұздың бір бөлшегі 25-30 кг тартады. Ал, кем дегенде бір мүсін қалауға 3-4 күн кетеді. Осылайша игі дәстүр бойынша биыл да мұз қалашығы қала қонақтары мен тұрғындарының қуанышына айналмақ.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға