Жаңалықтар

Астаналықтар көп саяхаттайтын болды

2012 жылдың  9 айында  елордада  қызмет көрсетілген  туристер саны  476 256 адамды құрады. Олардың көбі іскерлік  мақсатта (64,8%)  және демалыс мақсатында (29,6%)  саяхаттағандар. Келушілер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  13,9%-ға ұлғайған. Бұл туралы Астана қаласының Статистика департаменті мәлім етті. Департамент мәліметтері бойынша,  қалада  туристік қызмет көрсететін 218 туристік фирма мен  41 жеке кәсіпкер бар.  Олардың  ішінде 127 кәсіпорын мен ЖК келушілерді  орналастыруға мамандандырылған.  Елорданың қонақ үйлері мен отельдерінде 7907 төсектік-орынға  арналған  4728 номер бар. «Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  сапарлаушы  туристер  64,7%-ға  ұлғайып,  41 481 адамды құрады.  Астанада сатылған жолдамалардың жалпы құны  - 3358743,2  мың теңгені құрады», - делінген хабарламада. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
15.12.2012 13:05 3329

2012 жылдың  9 айында  елордада  қызмет көрсетілген  туристер саны  476 256 адамды құрады. Олардың көбі іскерлік  мақсатта (64,8%)  және демалыс мақсатында (29,6%)  саяхаттағандар. Келушілер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  13,9%-ға ұлғайған. Бұл туралы Астана қаласының Статистика департаменті мәлім етті. Департамент мәліметтері бойынша,  қалада  туристік қызмет көрсететін 218 туристік фирма мен  41 жеке кәсіпкер бар. 

Олардың  ішінде 127 кәсіпорын мен ЖК келушілерді  орналастыруға мамандандырылған.  Елорданың қонақ үйлері мен отельдерінде 7907 төсектік-орынға  арналған  4728 номер бар.

«Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  сапарлаушы  туристер  64,7%-ға  ұлғайып,  41 481 адамды құрады.  Астанада сатылған жолдамалардың жалпы құны  - 3358743,2  мың теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға