Жаңалықтар

Бүгін Кубок иегері анықталады

15 желтоқсан сағат 13:45-те Астана қаласы, «Дәулет» спорт кешенінде «Қазақстандық бокс федерациясының Кубогі» үшін ақтық сайыста Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрама командалары кездеседі. Екі команда да бұған дейін финалда бақ сынаған болатын. Оңтүстікқазақстандықтар 2010 жылы өте тартысты өткен кездесуде Астана қаласының боксшыларына жол берген болса, Маңғыстау облысының былғары қолғап шеберлері былтыр Қарағанды облысының боксшыларынан 4:6 есебімен ұтылды. Яғни, бұл жолы Кубоктің жаңа иегерін анықтайтын боламыз. Айта кетерлігі, Кубок жолындағы кездесулер басталмай тұрып-ақ команда басшылары осы жылғы алға қойылған мақсат деп барлық кездесулерде жеңіске жетіп, Кубок иегері атану деген болатын. Маңғыстау облысының аға бапкері Марат Жақиев пен ОҚО аға бапкері Заңғар Қасқаев ең мықты деген боксшыларын қатарға қосып отыр. Айта кетсек, Маңғыстау атынан Олимпиада және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов пен осы жылғы ел чемпионатының жеңімпазы Берік Абдрахманов шаршы алаңға шығатын болса, ОҚО атынан Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев және Алмасбек Әлібеков сынды боксшылар өнер көрсететін болады. Бұлардан басқа да ел чемпионатының бірнеше жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің өнеріне куә болатын боламыз. Жеңіске жету үшін он кездесудің кем дегенде алтауында басым түсу керек. Ал егер кездесу соңында 5:5 есебі тіркелетін болса, жарыстың ережесіне сәйкес шаршы алаңға 56 келі салмақ дәрежесіндегі қосалқы құрамдағы боксшылар көтеріледі. Бұл кездесуде ұтқан боксшының командасы 6:5 есебімен жеңіске жетеді. Жеңімпаз құрамаға Кубок және ақшалай сыйақы беріледі. Финалдық кездесудің жұп құрамы: 49 келі Жәнібек Есқуатов (Маңғыстау, СШҮ, 1995) – Біржан Жақыпов (ОҚО, ХДСШ, 1984) Бұл кездесуде кімнің басым түсетіні айтпаса да белгілі болар. Біржанның тәжірибесі әлі ересектер қатарына өте қоймаған Жәнібектен мол екені баршаға мәлім. 52 келі Нұржан Қошанов (Маңғыстау, СШҮ, 1991) – Нұрғазы Жүсіпов (ОҚО, СШ, 1989) Елішілік және халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген Нұрғазы Жүсіповтің өз қарсыласы Нұржан Қошановтан бір бас жоғары тұрғаны түсінікті. Нұрғазы өзінің жоғары дәрежелі боксшы екенін жыл сайын дәлелдеп жүрсе, Нұржан 2009 жылы ел чемпионатының қола жүлдегері болғаннан кейін үлкен жетістіктерге жете алмай жүр. 56 келі Мұхит Амантаев (Маңғыстау, СШ, 1988) – Қайрат Ералиев (ОҚО, СШ, 1990) Бұл салмақта деңгейлері шамалас екі боксшының жекпе-жегін тамашалайтын боламыз. Мұхит Амантаев 2008 жылғы ел чемпионы болса, Қайрат Ералиев осы жылы үздік шықты. Екеуі өзара 4 кездесу өткізіп, оның үшеуінде Мұхит жеңіске жеткен болатын. Бірақ соңғы рет Астана қаласында өткен ел чемпионатының жартылай финалында Қайрат басым түскен еді. 60 келі Берік Абдрахманов (Маңғыстау, ХДСШ, 1986) – Закир Сафиуллин (ОҚО, СШ, 1984) Берік Абдрахманов соңғы жылдары жақсы қырынан танылып жүр. 2010 жылы АҚШ-та өткен әскерилер арасындағы Әлем чемпионатынан алтын медаль олжалап келгеннен кейін, өзіне деген сенімділік пайда болғандай. Екі апта бұрын аяқталған ел чемпионатының финалында Ғани Жайлауовтың өзін 1 раундта-ақ нокдаунға жіберіп, кездесуде айқын жеңіске жеткен болатын. Закирді де нашар боксшы дей алмаймыз, оның да бағындырған белестері жетерлік. Сондықтан тартысты жекпе-жекке куә боламыз деген үміттеміз. 64 келі Жәнібек Әжібай (Маңғыстау, СШ, 1993) – Алмасбек Әлібеков (ОҚО, СШ, 1988) Данияр Елеусінов 69 келіге өткеннен кейін бокс мамандары бұл салмақта Қазақстанның бірінші нөмірлі боксшысы Алмасбек Әлібеков болады деп болжаған болатын. Бірақ соңғы ел чемпионатының ширек финалында Алмасбек жарақат алып қалып, жүлдесіз қалды. Ал Жәнібек болса өз кезегінде жартылай финалға дейін жетіп, көпшілікті жақсы өнерімен таңдандырған еді. Енді міне, Әлібеков өсіп келе жатқан жас талантты боксшы Жәнібек Әжібайдан «емтихан» қабылдайтын болады. 69 келі Сулейман Бердукаев (Маңғыстау, СШ, 1987) – Нұрзат Сабиров (ОҚО, СШ, 1993) Сулейман Бердукаев 2011 жылғы Қазақстан Спартакиадасының жүлдегері, мұнай өндіруші елдер арасындағы Әлем Кубогінің иегері. Ал Сабиров жастар мен жасөспірімдер арасында жақсы танылған боксшы. Бұл кездесуде тәжірибе мен жас дарынның кездесуін тамашалаймыз. 75 келі Ерік Әлжанов (Маңғыстау, СШ, 1991) – Абзал Құттыбеков (ОҚО, СШ, 1991) Ерік соңғы Қазақстан Республикасы чемпионатының жартылай финалында ұлттық құраманың мүшесі Нұрдәулет Жармановты тізе бүктіріп, күтпеген жерден ақтық сынға шыққан еді. Енді осы ел чемпионатының күміс жүлдегері Әлжановқа қарсы бұл салмақта оңтүстіктіктер үміт артып отырған Абзал Құттыбеков шаршы алаңға шығады. 81 келі Әділбек Ниязымбетов (Маңғыстау, ЕССШ, 1989) – Нұрбол Алтаев (ОҚО, СШ, 1991) Әлем және Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Олимпиададан кейін ринг төріне өткен аптада ғана көтерілген болатын. Әділбекке қарсы Нұрбол Алтаев не көрсете алады екен деген сауал көпшіліктің ойында тұрғаны белгілі. Нұрболдың жеткен жетістіктерін Әділбекпен салыстыруға келмес. 91 келі Рақымжан Түгелбаев (Маңғыстау, СШ, 1989) – Ерболат Жиренбаев (ОҚО, СШ, 1991) Түгелбаев бұған дейін 75 және 81 келі салмақ дәрежелерінде өнер көрсетіп келген еді. Енді міне, жаңа салмақ дәрежесіне өтіп, өз командасына жеңіс сыйлауды жоспарлап отыр. Жиренбаев та өткен кездесуде Арбек Абдуғаниевке кеткен есені Рақымжаннан қайтаруға тырысатын болар. Бұл қос боксшы бұған дейін бір-бірімен кездесіп көрмеген екен. + 91 келі Рахман Әлжанов (Маңғыстау, СШ, 1991) – Нұрлан Нұрсейітов (ОҚО, СШ, 1988) Аса ауыр салмақта Маңғыстау атынан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы Рахман Әлжанов шығады. Оған қарсы соңғы ел чемпионатында бірінші кездесуінде-ақ Василий Левитті жеңген Нұрлан Нұрсейітов өнер көрсетеді. Бірақ ол кезде Нұрлан 91 келіде бокстескен болатын. Қосымша салмақ – 56 келіде Қанат Көптілеуов (Маңғыстау, СШ, 1994) – Дастан Әшірәлі (ОҚО, СШ, 1993) Жалпы есеп тең болған жағдайда шаршы алаң төріне 56 келідегі қосалқы құрам боксшылар шығады. Маңғыстаулық он сегіз жасар боксшы Қанат Көптілеуов соңғы ел чемпионатында күтпеген жерден жартылай финалға дейін жетіп, жүлдегер атанды. Ұлттық құрама қатарына шақыру алды. Бұл Қанат секілді жас боксшы үшін үлкен жетістік. Оның қарсыласы Дастан Әшірәлі де осал боксшы емес. Бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы, жастар арасында жарқылдады. Сондықтан, өте тартысты, «жан алысып, жан беріскен» кездесудің куәсі болуымыз әбден мүмкін. Боксшылар өз командаларына жеңіс әкелу үшін бар білгенін ортаға салады деп сенеміз. http://www.alaman.kz/
15.12.2012 09:13 4004

15 желтоқсан сағат 13:45-те Астана қаласы, «Дәулет» спорт кешенінде «Қазақстандық бокс федерациясының Кубогі» үшін ақтық сайыста Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрама командалары кездеседі.

Екі команда да бұған дейін финалда бақ сынаған болатын. Оңтүстікқазақстандықтар 2010 жылы өте тартысты өткен кездесуде Астана қаласының боксшыларына жол берген болса, Маңғыстау облысының былғары қолғап шеберлері былтыр Қарағанды облысының боксшыларынан 4:6 есебімен ұтылды. Яғни, бұл жолы Кубоктің жаңа иегерін анықтайтын боламыз.

Айта кетерлігі, Кубок жолындағы кездесулер басталмай тұрып-ақ команда басшылары осы жылғы алға қойылған мақсат деп барлық кездесулерде жеңіске жетіп, Кубок иегері атану деген болатын.

Маңғыстау облысының аға бапкері Марат Жақиев пен ОҚО аға бапкері Заңғар Қасқаев ең мықты деген боксшыларын қатарға қосып отыр. Айта кетсек, Маңғыстау атынан Олимпиада және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов пен осы жылғы ел чемпионатының жеңімпазы Берік Абдрахманов шаршы алаңға шығатын болса, ОҚО атынан Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев және Алмасбек Әлібеков сынды боксшылар өнер көрсететін болады. Бұлардан басқа да ел чемпионатының бірнеше жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің өнеріне куә болатын боламыз.

Жеңіске жету үшін он кездесудің кем дегенде алтауында басым түсу керек. Ал егер кездесу соңында 5:5 есебі тіркелетін болса, жарыстың ережесіне сәйкес шаршы алаңға 56 келі салмақ дәрежесіндегі қосалқы құрамдағы боксшылар көтеріледі. Бұл кездесуде ұтқан боксшының командасы 6:5 есебімен жеңіске жетеді. Жеңімпаз құрамаға Кубок және ақшалай сыйақы беріледі.

Финалдық кездесудің жұп құрамы:

49 келі

Жәнібек Есқуатов (Маңғыстау, СШҮ, 1995) – Біржан Жақыпов (ОҚО, ХДСШ, 1984)

Бұл кездесуде кімнің басым түсетіні айтпаса да белгілі болар. Біржанның тәжірибесі әлі ересектер қатарына өте қоймаған Жәнібектен мол екені баршаға мәлім.

52 келі

Нұржан Қошанов (Маңғыстау, СШҮ, 1991) – Нұрғазы Жүсіпов (ОҚО, СШ, 1989)

Елішілік және халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген Нұрғазы Жүсіповтің өз қарсыласы Нұржан Қошановтан бір бас жоғары тұрғаны түсінікті. Нұрғазы өзінің жоғары дәрежелі боксшы екенін жыл сайын дәлелдеп жүрсе, Нұржан 2009 жылы ел чемпионатының қола жүлдегері болғаннан кейін үлкен жетістіктерге жете алмай жүр.

56 келі

Мұхит Амантаев (Маңғыстау, СШ, 1988) – Қайрат Ералиев (ОҚО, СШ, 1990)

Бұл салмақта деңгейлері шамалас екі боксшының жекпе-жегін тамашалайтын боламыз. Мұхит Амантаев 2008 жылғы ел чемпионы болса, Қайрат Ералиев осы жылы үздік шықты. Екеуі өзара 4 кездесу өткізіп, оның үшеуінде Мұхит жеңіске жеткен болатын. Бірақ соңғы рет Астана қаласында өткен ел чемпионатының жартылай финалында Қайрат басым түскен еді.

60 келі

Берік Абдрахманов (Маңғыстау, ХДСШ, 1986) – Закир Сафиуллин (ОҚО, СШ, 1984)

Берік Абдрахманов соңғы жылдары жақсы қырынан танылып жүр. 2010 жылы АҚШ-та өткен әскерилер арасындағы Әлем чемпионатынан алтын медаль олжалап келгеннен кейін, өзіне деген сенімділік пайда болғандай. Екі апта бұрын аяқталған ел чемпионатының финалында Ғани Жайлауовтың өзін 1 раундта-ақ нокдаунға жіберіп, кездесуде айқын жеңіске жеткен болатын. Закирді де нашар боксшы дей алмаймыз, оның да бағындырған белестері жетерлік. Сондықтан тартысты жекпе-жекке куә боламыз деген үміттеміз.

64 келі

Жәнібек Әжібай (Маңғыстау, СШ, 1993) – Алмасбек Әлібеков (ОҚО, СШ, 1988)

Данияр Елеусінов 69 келіге өткеннен кейін бокс мамандары бұл салмақта Қазақстанның бірінші нөмірлі боксшысы Алмасбек Әлібеков болады деп болжаған болатын. Бірақ соңғы ел чемпионатының ширек финалында Алмасбек жарақат алып қалып, жүлдесіз қалды. Ал Жәнібек болса өз кезегінде жартылай финалға дейін жетіп, көпшілікті жақсы өнерімен таңдандырған еді. Енді міне, Әлібеков өсіп келе жатқан жас талантты боксшы Жәнібек Әжібайдан «емтихан» қабылдайтын болады.

69 келі

Сулейман Бердукаев (Маңғыстау, СШ, 1987) – Нұрзат Сабиров (ОҚО, СШ, 1993)

Сулейман Бердукаев 2011 жылғы Қазақстан Спартакиадасының жүлдегері, мұнай өндіруші елдер арасындағы Әлем Кубогінің иегері. Ал Сабиров жастар мен жасөспірімдер арасында жақсы танылған боксшы. Бұл кездесуде тәжірибе мен жас дарынның кездесуін тамашалаймыз.

75 келі

Ерік Әлжанов (Маңғыстау, СШ, 1991) – Абзал Құттыбеков (ОҚО, СШ, 1991)

Ерік соңғы Қазақстан Республикасы чемпионатының жартылай финалында ұлттық құраманың мүшесі Нұрдәулет Жармановты тізе бүктіріп, күтпеген жерден ақтық сынға шыққан еді. Енді осы ел чемпионатының күміс жүлдегері Әлжановқа қарсы бұл салмақта оңтүстіктіктер үміт артып отырған Абзал Құттыбеков шаршы алаңға шығады.

81 келі

Әділбек Ниязымбетов (Маңғыстау, ЕССШ, 1989) – Нұрбол Алтаев (ОҚО, СШ, 1991)

Әлем және Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Олимпиададан кейін ринг төріне өткен аптада ғана көтерілген болатын. Әділбекке қарсы Нұрбол Алтаев не көрсете алады екен деген сауал көпшіліктің ойында тұрғаны белгілі. Нұрболдың жеткен жетістіктерін Әділбекпен салыстыруға келмес.

91 келі

Рақымжан Түгелбаев (Маңғыстау, СШ, 1989) – Ерболат Жиренбаев (ОҚО, СШ, 1991)

Түгелбаев бұған дейін 75 және 81 келі салмақ дәрежелерінде өнер көрсетіп келген еді. Енді міне, жаңа салмақ дәрежесіне өтіп, өз командасына жеңіс сыйлауды жоспарлап отыр. Жиренбаев та өткен кездесуде Арбек Абдуғаниевке кеткен есені Рақымжаннан қайтаруға тырысатын болар. Бұл қос боксшы бұған дейін бір-бірімен кездесіп көрмеген екен.

+ 91 келі

Рахман Әлжанов (Маңғыстау, СШ, 1991) – Нұрлан Нұрсейітов (ОҚО, СШ, 1988)

Аса ауыр салмақта Маңғыстау атынан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы Рахман Әлжанов шығады. Оған қарсы соңғы ел чемпионатында бірінші кездесуінде-ақ Василий Левитті жеңген Нұрлан Нұрсейітов өнер көрсетеді. Бірақ ол кезде Нұрлан 91 келіде бокстескен болатын.

Қосымша салмақ – 56 келіде

Қанат Көптілеуов (Маңғыстау, СШ, 1994) – Дастан Әшірәлі (ОҚО, СШ, 1993)

Жалпы есеп тең болған жағдайда шаршы алаң төріне 56 келідегі қосалқы құрам боксшылар шығады. Маңғыстаулық он сегіз жасар боксшы Қанат Көптілеуов соңғы ел чемпионатында күтпеген жерден жартылай финалға дейін жетіп, жүлдегер атанды. Ұлттық құрама қатарына шақыру алды. Бұл Қанат секілді жас боксшы үшін үлкен жетістік. Оның қарсыласы Дастан Әшірәлі де осал боксшы емес. Бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы, жастар арасында жарқылдады. Сондықтан, өте тартысты, «жан алысып, жан беріскен» кездесудің куәсі болуымыз әбден мүмкін. Боксшылар өз командаларына жеңіс әкелу үшін бар білгенін ортаға салады деп сенеміз.

http://www.alaman.kz/

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға