Н.Назарбаев Б.Обамаға Коннектикут штатындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдад
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға Коннектикут штатындағы көптеген жазықсыз жандардың өмірін қиған оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жеделхатта Қазақстан Президенті Ньютаун қаласындағы көптеген күнәсіз бүлдіршіндер мен жазықсыз жандардың өмірін қиған жан түршігерлік оқиға туралы жайсыз хабар өзін және барша Қазақстан халқын қатты күйзелткенін атап өтеді.
«Халқымыздың атынан және жеке өз тарапымнан Сізге, қаза тапқандардың туыс-жақындарына және барша Америка халқына шын пейілмен қайғыра көңіл айтамын. Осындай қасіретті күнде баршаңызға төзімділік пен табандылық тілеймін», – делінген жеделхатта.
BNews.kz
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

