Жаңалықтар

БҰҰ интернетті реттеу мәселесінің шешімін тапты

БҰҰ-ға кіретін Халықаралық электр байланысы одағына (ХЭО) қатысушы елдер 14 желтоқсан күні одақ жұмысының реттемесінің келісілген түзетіліміне қол қойды. Бұл туралы Лента.Ру хабарлайды. Құжаттың мәтінінде Желіні реттеу мәселелеріне қатысты түзетулер енгізілген жоқ. Алайда, жұмыс тәртібімен бірге «Интернеттің анағұрлым белсенді дамуы үшін қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету» қарары қабылданды. Онда одаққа мүше елдерге интернетке қатысты мәселелер бойынша өз ұстанымдарын айқындау ұсынылды. Реттеменің түзетілген нұсқасы Ресей мен АҚШ-тан, сондай-ақ басқа елдерден келген делегаттардың және барлық аймақтық ұйым өкілдерінің қатысуымен әзірленген. Mashable техноблогы АҚШ, Канада, Ұлыбритания және тағы бірнеше елдер аталмыш құжатқа қол қоюдан бас тартқанын айтады. Бұл мемлекеттердің өкілдерінің айтуынша, жаңа реттеме интернеттегі цензураның күшеюімен қауіпті. Аталмыш елдерде құжаттың Желі туралы ескертпесі жоқ ескі нұсқасы жұмыс істей береді. 3-14 желтоқсан аралығында Дубайда өткен конференцияға 159 ел қатысты, деп хабарлайды «БҰҰ Радиосы». Олардың ішінде жаңа реттемені 89 елдің делегаттары қуаттаған. Бақылауды күшейту ұсынысына Еуропарламент пен АҚШ-тың мемлекеттік департаменті қарсы шықса, Google корпорациясы тәуелсіз интернетті қолдау бойынша миллионнан астам қол жинаған. Дереккөзі: www.bnews.kz
15.12.2012 06:15 3231

БҰҰ-ға кіретін Халықаралық электр байланысы одағына (ХЭО) қатысушы елдер 14 желтоқсан күні одақ жұмысының реттемесінің келісілген түзетіліміне қол қойды. Бұл туралы Лента.Ру хабарлайды.

Құжаттың мәтінінде Желіні реттеу мәселелеріне қатысты түзетулер енгізілген жоқ. Алайда, жұмыс тәртібімен бірге «Интернеттің анағұрлым белсенді дамуы үшін қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету» қарары қабылданды. Онда одаққа мүше елдерге интернетке қатысты мәселелер бойынша өз ұстанымдарын айқындау ұсынылды.

Реттеменің түзетілген нұсқасы Ресей мен АҚШ-тан, сондай-ақ басқа елдерден келген делегаттардың және барлық аймақтық ұйым өкілдерінің қатысуымен әзірленген.

Mashable техноблогы АҚШ, Канада, Ұлыбритания және тағы бірнеше елдер аталмыш құжатқа қол қоюдан бас тартқанын айтады. Бұл мемлекеттердің өкілдерінің айтуынша, жаңа реттеме интернеттегі цензураның күшеюімен қауіпті. Аталмыш елдерде құжаттың Желі туралы ескертпесі жоқ ескі нұсқасы жұмыс істей береді.

3-14 желтоқсан аралығында Дубайда өткен конференцияға 159 ел қатысты, деп хабарлайды «БҰҰ Радиосы». Олардың ішінде жаңа реттемені 89 елдің делегаттары қуаттаған.

Бақылауды күшейту ұсынысына Еуропарламент пен АҚШ-тың мемлекеттік департаменті қарсы шықса, Google корпорациясы тәуелсіз интернетті қолдау бойынша миллионнан астам қол жинаған.

Дереккөзі: www.bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға