Жаңалықтар

Тұңғыш рет Моңғолияның халық жазушысы атанған – Мағауия Сұлтанияұлы

Шетелдегі қазақ әдебиеті мен оның көрнекті өкілдері туралы мәліметтер әлі де болса отандық руханиятта өз орнын таба алмай келеді. Осындай олқылықтың орынын толтыруға М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының атқарып жатқан жұмыстары ұшан теңіз. Соның бірі «Шетелдегі қазақтардың өнері, әдебиеті, фольклоры» деген кешенді бағдарлама. Оның негізгі бағыттарының бірі Моңғолиядағы қандастарымыздың әдебиеті мен өнері. Осы орайда аталған институттың жетекші ғылыми қызметкері, доцент Серікқазы Қорабай Моңғолия қазақтарына жасаған ғылыми экспедициясының жемісті болғанын айтады. Сондай нәтижелі жұмыстардың бірі – «Моңғолдың құпия шежіресін» тұңғыш рет қазақша сөйлеткен Мағауия Сұлтанияұлы туралы тың мағлұматтар. Мағауия Сұлтанияұлы (1921 ж.т., Моңғолия, Баян-Өлгий аймағы, Бұлғын ауылы) – жазушы, аудармашы, журналист. МХРП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген (1969). 1945-1954 жылдары Баян-Өлгий аймағында ауыл мектептерінде мұғалім, 1954-1983 жылдары “Жаңа өмір” газетінде және аймақтың баспа редакциясында редактор болып қызмет еткен. Алғашқы кітабы “Ешкімге айтпа” 1972 ж. жарық көрді. Мағауия проза саласында өнімді еңбек етіп көптеген әңгіме, повесть, үш роман жазды. Оның “Отан ұлдары” (1974), “Өмір өрнегі” (1975), “Мамық” (1978), “Менің ұстаздарым” (1979), “Ұрпақ тағдыры” (1981), “Сүмбіле” (1984), “Ақ бата” (1995) секілді кітаптары бар. Жазушының шығармаларының тілі шұрайлы, тарихи-этнографиялық деректерге бай. “Ұрпақ тағдыры”, “Сүмбіле” романдарында Моңғолиядағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі кең көлемде суреттеледі. Ал, өлеңмен жазылған “Шыңғыс хан” (2000) романына ұлы тұлғаның қазақ тарихына қатысты қырлары өзек болған. Ол моңғолдың көне тарихына қатысты қазыналарды қазақ тілінде сөйлетті. “Моңғолдың құпия шежіресі”, “Шыңғыстың қос тұлпары”, “Бұймын батыр”, “Жәңгір” секілді мұраларды қазақ тіліне шебер тәржімалады. Әсіресе ол аударған “Моңғолдың құпия шежіресі” (1979) зиялы қауымның ыстық ілтипатына ие болды. Моңғолдың әлемге әйгілі фольклорлық мұрасы “Жәңгір” эпосының (1999) 12 мың жолдан тұратын толық нұсқасын аударды. М.Әуезовтің тікелей басшылық етуімен бұл эпостың 5,5 мың жолын Қ.Аманжолов, Ж.Сайн, Қ.Бекхожин секілді ақындар алғаш рет 1940 жылы аударған болатын. Мағауия сонымен қатар моңғол әдебиетінің классиктері Қ.Дамдинсүрэн, Д.Сэнгээ, Ч.Лодойдамба т.с.с. шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Оның көптеген туындылары моңғол тілінде Ұланбатырда жарық көрді. Шығармашылық еңбегін жоғары бағалаған Моңғолия өкіметі оны Еңбек Қызыл Ту, Алтын жұлдыз ордендерімен, 1996 жылы Моңғолия мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер атағымен марапаттады. Жазушының мынадай шығармалары бар: “Ешкімге айтпа” (1972), “Отан ұлдары” (1974), “Өмір өрнегі” (1975), “Мамық” (1978), “Менің ұстаздарым” (1979), “Ұрпақ тағдыры” (1981), “Сүмбіле” (1984), “Шыңғыс хан” (2000). Аудармалары: “Моңғолдың құпия шежіресі” (1979), “Жәңгір” (1999). BAQ.KZ
14.12.2012 16:45 5099

Шетелдегі қазақ әдебиеті мен оның көрнекті өкілдері туралы мәліметтер әлі де болса отандық руханиятта өз орнын таба алмай келеді. Осындай олқылықтың орынын толтыруға М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының атқарып жатқан жұмыстары ұшан теңіз. Соның бірі «Шетелдегі қазақтардың өнері, әдебиеті, фольклоры» деген кешенді бағдарлама. Оның негізгі бағыттарының бірі Моңғолиядағы қандастарымыздың әдебиеті мен өнері. Осы орайда аталған институттың жетекші ғылыми қызметкері, доцент Серікқазы Қорабай Моңғолия қазақтарына жасаған ғылыми экспедициясының жемісті болғанын айтады. Сондай нәтижелі жұмыстардың бірі – «Моңғолдың құпия шежіресін» тұңғыш рет қазақша сөйлеткен Мағауия Сұлтанияұлы туралы тың мағлұматтар.

Мағауия Сұлтанияұлы (1921 ж.т., Моңғолия, Баян-Өлгий аймағы, Бұлғын ауылы) – жазушы, аудармашы, журналист. МХРП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген (1969). 1945-1954 жылдары Баян-Өлгий аймағында ауыл мектептерінде мұғалім, 1954-1983 жылдары “Жаңа өмір” газетінде және аймақтың баспа редакциясында редактор болып қызмет еткен. Алғашқы кітабы “Ешкімге айтпа” 1972 ж. жарық көрді. Мағауия проза саласында өнімді еңбек етіп көптеген әңгіме, повесть, үш роман жазды. Оның “Отан ұлдары” (1974), “Өмір өрнегі” (1975), “Мамық” (1978), “Менің ұстаздарым” (1979), “Ұрпақ тағдыры” (1981), “Сүмбіле” (1984), “Ақ бата” (1995) секілді кітаптары бар. Жазушының шығармаларының тілі шұрайлы, тарихи-этнографиялық деректерге бай. “Ұрпақ тағдыры”, “Сүмбіле” романдарында Моңғолиядағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі кең көлемде суреттеледі. Ал, өлеңмен жазылған “Шыңғыс хан” (2000) романына ұлы тұлғаның қазақ тарихына қатысты қырлары өзек болған. Ол моңғолдың көне тарихына қатысты қазыналарды қазақ тілінде сөйлетті. “Моңғолдың құпия шежіресі”, “Шыңғыстың қос тұлпары”, “Бұймын батыр”, “Жәңгір” секілді мұраларды қазақ тіліне шебер тәржімалады. Әсіресе ол аударған “Моңғолдың құпия шежіресі” (1979) зиялы қауымның ыстық ілтипатына ие болды. Моңғолдың әлемге әйгілі фольклорлық мұрасы “Жәңгір” эпосының (1999) 12 мың жолдан тұратын толық нұсқасын аударды. М.Әуезовтің тікелей басшылық етуімен бұл эпостың 5,5 мың жолын Қ.Аманжолов, Ж.Сайн, Қ.Бекхожин секілді ақындар алғаш рет 1940 жылы аударған болатын. Мағауия сонымен қатар моңғол әдебиетінің классиктері Қ.Дамдинсүрэн, Д.Сэнгээ, Ч.Лодойдамба т.с.с. шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Оның көптеген туындылары моңғол тілінде Ұланбатырда жарық көрді. Шығармашылық еңбегін жоғары бағалаған Моңғолия өкіметі оны Еңбек Қызыл Ту, Алтын жұлдыз ордендерімен, 1996 жылы Моңғолия мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер атағымен марапаттады.
Жазушының мынадай шығармалары бар: “Ешкімге айтпа” (1972), “Отан ұлдары” (1974), “Өмір өрнегі” (1975), “Мамық” (1978), “Менің ұстаздарым” (1979), “Ұрпақ тағдыры” (1981), “Сүмбіле” (1984), “Шыңғыс хан” (2000). Аудармалары: “Моңғолдың құпия шежіресі” (1979), “Жәңгір” (1999).

BAQ.KZ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға