Жаңалықтар

Н.Назарбаев елді индустрияландыру бағдарламасының жалғасын әзірлеуді тапсырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елді индустрияландыру бағдарламасының жалғасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Ресурсқа тәуелді болмайтын индустрияландырусыз болашақ жоқ екенін бәріміз түсіну керекпіз. Инновациялық дамусыз да халықтың ертеңі бұлыңғыр. Бұл – ғылым мен жаңа технологияны жақсы білетін кадр дайындау керек деген сөз. Үкіметке елді индустрияландыру бағдарламасының жалғасы ретінде нақты жоспар әзірлеуді тапсырамын және бұл Үкіметтің басты тапсырмасына айналуы керек. Соның нәтижесінде шикізаттық емес экспорт көлемі 2025 жылға қарай 2,5 есеге, 2040 жылға қарай 3 есеге өсуі керек», - деді Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстан халқына жаңа Жолдауын арнаған Елбасы Н.Назарбаев. Дереккөзі: www.bnews.kz  
14.12.2012 11:04 3255

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елді индустрияландыру бағдарламасының жалғасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Ресурсқа тәуелді болмайтын индустрияландырусыз болашақ жоқ екенін бәріміз түсіну керекпіз. Инновациялық дамусыз да халықтың ертеңі бұлыңғыр. Бұл – ғылым мен жаңа технологияны жақсы білетін кадр дайындау керек деген сөз. Үкіметке елді индустрияландыру бағдарламасының жалғасы ретінде нақты жоспар әзірлеуді тапсырамын және бұл Үкіметтің басты тапсырмасына айналуы керек. Соның нәтижесінде шикізаттық емес экспорт көлемі 2025 жылға қарай 2,5 есеге, 2040 жылға қарай 3 есеге өсуі керек», - деді Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстан халқына жаңа Жолдауын арнаған Елбасы Н.Назарбаев.

Дереккөзі: www.bnews.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға