Жаңалықтар

Н.Назарбаев: ЭКСПО көрмесін өткізу Қазақстанның әрі қарай дамуына жаңа серпін береді

ЭКСПО көрмесін өткізу Қазақстанның әрі қарай дамуына жаңа серпін береді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын таныстырған кезде мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Біз әзірге бұл оқиғаның маңыздылығын әлі толық сезіне алмай жүрміз. Ол алдағы бес жыл бойы әлем назарын Қазақстанға аудартады және әрі қарай дамуы үшін жаңа серпін береді», - деді Н.Назарбаев.  «Егер біздің тамаша Астанамыз болмағанда, бұл шара да өтпес еді», -деп қосты Президент.
14.12.2012 10:04 3017

ЭКСПО көрмесін өткізу Қазақстанның әрі қарай дамуына жаңа серпін береді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын таныстырған кезде мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Біз әзірге бұл оқиғаның маңыздылығын әлі толық сезіне алмай жүрміз. Ол алдағы бес жыл бойы әлем назарын Қазақстанға аудартады және әрі қарай дамуы үшін жаңа серпін береді», - деді Н.Назарбаев. 

«Егер біздің тамаша Астанамыз болмағанда, бұл шара да өтпес еді», -деп қосты Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға