Жаңалықтар

Пекинде қазақтың халық әні асқақтады

Жақында Пекин қаласындағы Орталық ұлттар университеті Музыка институтында белгілі әнші Серік Ғалымқанұлының «Халық әні-қазынам» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл жайлы Қытайдың «Халық» ақпараттық сайты хабарлады. Қара домбырасын қанат қылып, дәстүрлі әндерді қалықтата шырқап жүрген әншінің кешіне Қытайдың астанасында әр түрлі салада жұмыс жасайтын қандастарымыз, студенттер және алыс-жақыннан келген қонақтардан 400-ден астам көрермен қатысты. Еліміздің Қытай Халық Республикасындағы елшіліктің қызметкерлері және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Отырар» кітапханасының директоры Тұрсын Жұртбай да қатысып, Пекин аспанында қалықтаған «Мұхида Шайбан», «Сұржекей», «Бұлбұлым», «Ақ Айша», «Қарғам-ау» сияқты қазақ әндерінің кусәсі болып қайтты. «Бұл кеште Серіктің дауысы арқылы сонау Еділ мен Жайық, Арқаның әндері, Жетісудың әндері, Сарыарқаның әндері, Алтайдың, Іленің әндері шырқалып барлығымыздың жүрек қылымызды шертіп өтті. Осы әндер түрлі көңіл-күйді, түрлі дауысты, аса бір сарынды қажет ететіні шындық. Міне бұл біздің рухани әлеміміз. Біз бұны мәңгі жадымызда сақтауымыз, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруымыз керек. Бұл осы залда отырған әрбір студент жастар сіздерге сын. Сіздер ертең өз ұяларыңыздан шар тарапқа шашылып, әрқайсыларыңыз өз таңдаған бәйтеректеріңізге ұя салып сайрайтын боласыздар... Сол сәтте Серік салған осы әндер жадыларыңда сақталатын болсын»,-деп ақжарма тілегін білдірді ғалым ағамыз Тұрсын Құдакелдіұлы. BAQ.kz
14.12.2012 04:43 4307

Жақында Пекин қаласындағы Орталық ұлттар университеті Музыка институтында белгілі әнші Серік Ғалымқанұлының «Халық әні-қазынам» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл жайлы Қытайдың «Халық» ақпараттық сайты хабарлады.
Қара домбырасын қанат қылып, дәстүрлі әндерді қалықтата шырқап жүрген әншінің кешіне Қытайдың астанасында әр түрлі салада жұмыс жасайтын қандастарымыз, студенттер және алыс-жақыннан келген қонақтардан 400-ден астам көрермен қатысты.
Еліміздің Қытай Халық Республикасындағы елшіліктің қызметкерлері және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Отырар» кітапханасының директоры Тұрсын Жұртбай да қатысып, Пекин аспанында қалықтаған «Мұхида Шайбан», «Сұржекей», «Бұлбұлым», «Ақ Айша», «Қарғам-ау» сияқты қазақ әндерінің кусәсі болып қайтты.
«Бұл кеште Серіктің дауысы арқылы сонау Еділ мен Жайық, Арқаның әндері, Жетісудың әндері, Сарыарқаның әндері, Алтайдың, Іленің әндері шырқалып барлығымыздың жүрек қылымызды шертіп өтті. Осы әндер түрлі көңіл-күйді, түрлі дауысты, аса бір сарынды қажет ететіні шындық. Міне бұл біздің рухани әлеміміз. Біз бұны мәңгі жадымызда сақтауымыз, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруымыз керек. Бұл осы залда отырған әрбір студент жастар сіздерге сын. Сіздер ертең өз ұяларыңыздан шар тарапқа шашылып, әрқайсыларыңыз өз таңдаған бәйтеректеріңізге ұя салып сайрайтын боласыздар... Сол сәтте Серік салған осы әндер жадыларыңда сақталатын болсын»,-деп ақжарма тілегін білдірді ғалым ағамыз Тұрсын Құдакелдіұлы.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық